Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Білімділер бәйгесі” — білім мен тапқырлық сайысы
25
апрель
2025

“Білімділер бәйгесі” — білім мен тапқырлық сайысы

“Білімділер бәйгесі” — білім мен тапқырлық сайысы

25.04.2025 жылы 4”Ж” сыныбымызда “Білімділер бәйгесі” атты танымдық білім сайысы өтті. Бұл жарысқа 5 топ қатысып, әр топтың мүшелері өздерінің білімдерін дәлелдеп, белсенділік танытты.

Сайыс 2 турдан тұрды. Қатысушылар әр кезеңде берілген сұрақтарға жауап жазып, жинаған ұпайлар арқылы өздерінің нәтижелерін көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша ең жоғары ұпайға ие болған 3-топ оқушылары жеңіске жетіп, “Кубокпен” марапатталды және арнайы сыйлықтарға ие болды.

Шараның негізгі мақсаты — 4 жыл бойы алған білімімізді жинақтап, өзімізге есеп беру болатын. Бұл білім додасында әділ қазылық ету міндеті 11 ата-анаға жүктелді. Олар балаларды қолдаумен қатар, әділ төрелік жасап, бұл рөл өздеріне ерекше әсер қалдырғанын атап өтті.

Жарыс әділ, тартысты әрі қызықты өтті. Әрбір топ барынша тырысты. Жүлделі орынға аз ғана ұпай жетпей қалған оқушылар келесі сайыста жоғары нәтиже көрсетуге уәде етті.

Жеңіс бар жерде — жеңіліс те бар. Ең бастысы — қатысу мен тәжірибе!


https://www.instagram.com/reel/DI4NbaoizLc/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​ 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: