Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Біз болашаққа жауаптымыз”
29
апрель
2021
“Біз болашаққа жауаптымыз”
   29.04.2021ж. күні, 5-10 сыныптар арасында “Біз болашаққа жауаптымыз” атты экологиялық білім беру апталығының аясында, "Жер ана тынысы" тақырыбында оқушылардың мақалалары мен рефераттары көрмесі өтті. Үздік деп танылған 10-ға жуық оқушының жұмысы конференция барысында қорғалып, тақырап аясында ой өрбітілді.
“Жандану” атты 1-7 сынып оқушылар арасында мектепішілік  байқау
28
апрель
2021
“Жандану” атты 1-7 сынып оқушылар арасында мектепішілік байқау
   Қапшаев Қайнар мен Сүлейменов Нұрлыбек ағайларымыздың, Асанова Жанар апайымыздың,сонымен қатар сынып жетекшілердің жетекшілігімен “Жандану” атты 1-7 сынып оқушылар арасында қалдықтардан жасалған қолөнер бұйымдарының байқауы өткізілді. Қолданыстан шығып қалған тұрмыстық заттарға, оқушыларымыз қиялы мен шығармашылығын қосып, ерекше талпыныспен жан бітірді.
Табиғат – адамзаттың анасы.
27
апрель
2021
Табиғат – адамзаттың анасы.
   Табиғат – адамзаттың анасы. Дүниеге есігін ашқан сәбиге бар ризығы мен несібесін тосатын ана сынды табиғат та буыны қатаймаған адам баласына бар болмысын беріп, береке сыйлайды. Ырысымен бөліседі. М.Мақатаев атындағы 140 гимназияда, 27.04.2021ж. күні “Біз болашаққа жауаптымыз” экологиялық білім беру апталығының аясында, 1-10 сынып арасында “Табиғатпен үйлесімділікте” атты сурет көрмесі өткізілді. Гимназиямыздың талантты оқушыларының жұмыстарымен таныс болыңыздар.
«Ағаш жапырағымен, жер топырағымен көрікті»
27
апрель
2021
«Ағаш жапырағымен, жер топырағымен көрікті»
   «Ағаш жапырағымен, жер топырағымен көрікті» дейді халқымыз. Табиғат көркейіп, желегі жасыл тартса, адамның да тынысы кеңейіп, көңілі көтерілері анық. Адамның тағдыры табиғатқа байланған. Табиғат болмаса, адам өмір сүре алмақ емес. Таза ауасы мен шипалы суы, ну орманы мен асқар тауы жоқ мекеннің қадірі де аз. Осы орайда, қошаған орта, табиғат пкн экологияның маңызын саралап, ұғындыру мақсатында гимназиямызда “Біз болашаққа жауаптымыз” тақырыбында 1-11 сынып аралығында тәрбие сағаттары өтілді.
"Білімділер бекеті" тақырыбында пікірсайыс болып
20
апрель
2021
"Білімділер бекеті" тақырыбында пікірсайыс болып
   Сәуір айының 20-жұлдызында гимназиямыздың 8-сынып оқушылары арасында "Білімділер бекеті" тақырыбында пікірсайыс болып өтті. Талқыға түскен қарар "БП Онлайн оқу жүйесін тұрақты тәжірибеге айналдырады".  Әлемдік пандемиямен қатар келген онлайн оқу жүйесін қолдаушылар мен қарсы тарап өз ойларын ортаға салды. Аталмыш шараға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 3-курс студенттері қатысып, көрсетілім ойындарын ойнап, тәжірибелерімен бөлісті.
Гимназия аймағына 100 тал егілді
18
апрель
2021
Гимназия аймағына 100 тал егілді
Әр талды егіп, дедің: "Өссін, көгерсін!", Әлі-ақ ертең жайқалғанын көрерсің. Өскен кезде өзгелерге көрсетіп, "Тал еккін!" деп кеңес айта жүрерсің. Сен еккен тал ертең жаяр жапырақ. Әр бұтағы өніп-өсер шашырап. Жасыл желек аймағына айналар, Кеше ғана бос жатқан бұл атырап. Еккен талды саялайды талай жан, Көлеңкелі жер таптым деп маңайдан. Тостағандай құс ұясын көрерсің, Төбесінен әрбір талдың қарайған. Жердің тоңы жібігенде тал ектің, Барын берер адамзатқа керектің. Осы жерден жәндіктер де
Чернобыль атом электростанциясы
16
апрель
2021
Чернобыль атом электростанциясы
   Биыл Чернобыль атом электростанциясындағы ядролық апаттың орын алғанына 35 жыл толып отыр. Осыған орай  М. Мақатаев атындағы №140 гимназияда 7 сыныптар арасында онлайн дөңгелек үстел өтті. Дүниежүзіндегі атом энергетикасы тарихындағы ең ірі жарылыстың зардабын жоюға 800 мыңдай адам қатысса, оның 32 мыңы қазақстандық еді. КСРО құрамына кіретін 15 республикадан әскерилер мен партизандық қызметке қосымша күштер тартылды. Олардың ішінде қазақстандық азаматтар да бар еді. Алайда атом станциясынан
«Сақтансаң, сақ боларсың!»
15
апрель
2021
«Сақтансаң, сақ боларсың!»
15.04.2021 ж. «Сақтансаң, сақ боларсың!» тақырыбында 1-10 сыныптар аралығында, судағы қауіпсіздік ережелері туралы тәрбие сағаттары өткізілді. Балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелерін, шараларын орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Жазда осындай келеңсіз жағдайлардың орын алмауын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген шаралардан оқушылардың алған тәлімі мол екені сөзсіз.
«Интернеттің пайдасы мен зияны туралы білесіз бе?» тақырыбы аясында викториналық сабақ
14
апрель
2021
«Интернеттің пайдасы мен зияны туралы білесіз бе?» тақырыбы аясында
    14-сәуір күні 1-4 - сынып жетекшілерінің жетекшілігімен оқушылардың ақпараттық сауаттылықтарын анықтау әрі дамыту мақсатында «Интернеттің пайдасы мен зияны туралы білесіз бе?» тақырыбы аясында викториналық сабақ өтті. Оқушылардың барлығы қызығушылықпен, ынтамен атсалысты. Оқушыларға интернеттің шығу тарихы бойынша сондай-ақ, оқушыларға жағдаяттық сұрақтар қойылды. Оқушыларға ұялы телефонның зияны мен пайдасы және де ұялы телефонның тарихы, артықшылығы мен кемшіліктері түсіндірілді.  Шара