Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мұқағали - мәңгілік ғұмыр
09
февраль
2023
Мұқағали - мәңгілік ғұмыр
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ұйымдастырылған "Мұқағали - мәңгілік жыр" айлығы аясында өткен байқаулардың жеңімпаздарын марапаттау мақсатына I,II кезек оқушыларына салтанатты жиын ұйымдастырылды. Мектепішілік байқауға белсене қатысқан оқушылар "Мұқағали - мәңгілік жыр" эссе байқауы бойынша, "Өзіңсің поэзия Пайғамбары" атты өлеңді мәнерлеп оқу, ақынның шығармаларын орыс, ағылшын тілдерінде мәнерлеп оқу байқаулары бойынша бақ сынап, арнайы грамоталармен марапатталды. Мұқағали
Облыстық кітапханадағы кездесу
07
февраль
2023
Облыстық кітапханадағы кездесу
6 "Б" сыныбының оқушылары Махсат Әбдмүттәлиб, Нұрболатұлы Мұнар, Ошырақын Айдос облыстық кітапханаға барып, Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай өткен кездесуге қатысып, ақын өлеңдерін оқып қайтты. 
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың музейіне саяхат
06
февраль
2023
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың музейіне саяхат
7 "Е" сыныбы сынып жетекшісі Нұрсұлу Амангелдіқызымен бірге аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, академик Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы музейге қонаққа барып қайтты. Балалар музей жайында көптеген қызықты ақпараттармен таныс болды. Бұл мұражай өз жәдігерлерінің құндылығымен ерекшеленеді. Мұнда Дінмұхамед Ахметұлының жекелеген заттары, техникалық, анықтамалық және көркем әдебиеттер, өнер жөнінде альбомдар, авторлардың жекелей қолтаңбасы жазылған
"Өзіңсің поэзия Пайғамбары" атты ата-аналар арасындағы мәнерлеп оқу байқауы
03
февраль
2023
"Өзіңсің поэзия Пайғамбары" атты ата-аналар арасындағы мәнерлеп оқу
Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарының арасында "Өзіңсің поэзия Пайғамбары" атты мәнерлеп оқу байқауы өтті. Ата-аналар балаларынан қалмай, сайысқа барынша ат салысып қатысты. Өз өнерлерін ортаға салған ата-аналар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып қана қоймай, ән де салды. Керемет көңіл күй сыйлаған ата-аналар сайысы Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақ-жауаппен жалғасын тапты. Шәкірттеріміз бар білімдерін ортаға салып,
9-10 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыс өтті
03
февраль
2023
9-10 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыс өтті
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай 9-10 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыс өтті. Әр сыныптан команда құралып, балалар арасында тартысқа толы сайыс болды. I орынды 9 "А" сынып оқушылары, II орынды 10 "А" сынып оқушылары,  III орынды 10 "В" сынып оқушылары иеленді. "ҮЗДІК ҚОРҒАУШЫ" номинациясымен 9 "А" сынып оқушысы Тургинбек Томирис, "ҮЗДІК ОЙЫНШЫ" номинациясымен 10 "А" сынып оқушысы Бекенқызы Мөлдір марапатталды.
Алматы облыстық кітапханасындағы конференция
03
февраль
2023
Алматы облыстық кітапханасындағы конференция
03.02.2023 жылы Алматы облыстық кітапханада "Күн боламын!" деген арыстары еді қазақтың"атты алаштың үш арысының 130 жылдығына арналған конференция өтті. Конференцияда "Ұлтымның ер тұлғаларынан ұлағат аламын" сериясы бойынша жарық көрген Алаштың біртуар ұлдары Біләл Сүлейұлы, Мағжан Жұмабаев,  Сұлтанмахмұт Торайғырұлының өнегелі өмірін баяндайтын кітаптардың тұсаукесері болды. Әріптесіміз Айкүміс Сайлауханқызы 9"Ж" сынып оқушыларымен бірге барып, керемет шараның куәсі болып қайтты. Қазақтың
Табиғи және техникалық сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі мен туындауы кезіндегі халықтың іс-әрекеттері
27
январь
2023
Табиғи және техникалық сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі мен туындауы
27.01.2023 күні мектебімізде барлық оқушылар мен ұстаздарға "Табиғи және техникалық сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі мен туындауы кезіндегі халықтың іс-әрекеттері" және "Төтенше жағдайда жиналатын орын" туралы ақпарат берілді. 2569 оқушы, 160 мектеп қызметкерлері мен 485 ата-ана қатысты. 
Ұлттық пікірсайыс турнирінің қалалық кезеңінің нәтижесі
23
январь
2023
Ұлттық пікірсайыс турнирінің қалалық кезеңінің нәтижесі
«Алматы дарыны» орталығы ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушылары арасындағы «ҰЛТТЫҚ ПІКІРСАЙЫС» турнирінің қалалық кезеңінде өзіндік шығармашылық қарым-қабілетімен ерекшеленгені үшін «ҮЗДІК АНАЛИТИК» номинациясымен «№140 М.Мақатаев атындағы гимназия» 10 сынып оқушысы Нүсіпбек Тоғжан және «№140 М .Мақатаев атындағы гимназия» 9 сынып оқушысы Арыстанбек Хадиша «ҮЗДІК ОРАТОР» номинациясымен марапатталды. 🥳Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Ұлттық пікірсайыс турнирінің қалалық кезеңі
21
январь
2023
Ұлттық пікірсайыс турнирінің қалалық кезеңі
2023 жылдың 21 қаңтарында Алматы қаласы білім беру ұйымдары оқушыларының Ұлттық пікірсайыс турнирінің қалалық кезеңі М.Мақатаев атындағы 140 гимназияда өтті (9-11 сынып), оған аудандық кезеңінің жеңімпаздары қатысты. Барлығы – 88 спикер, 44 фракция, оның ішінде қазақ тілінде – 32; орыс тілінде – 28; ағылшын тілінде – 28. “Мұзбалақ” дебат клубы атынан қазақ лигасынан “Лаула” фракциясы (Арыстанбек Хадижа, Сатыбалды Ұлжан) аудандық кезеңде 2-орын иеленіп, қалалық кезеңге жолдама алған болатын. Бұл
Ата-аналар жиналысы
18
январь
2023
Ата-аналар жиналысы
Гимназияның жалпы ата-аналар жиналысы өтілді. Жиналысқа ата-аналар толық қатысып, тәрбиелік мәні бар тақырыптар мен сыныптағы әртүрлі мәселелер қозғалды. «Бала тәрбиесі – баршаға ортақ» тақырыбындағы жаңа форматты ата-аналар жиналысы өтті.      М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда 1-11 сыныптардың ата-аналар жиналысы тұрақты түрде өтіп отырады. «Бала тәрбиесі – баршаға ортақ» тақырыбындағы жаңа форматты ата-аналар жиналысы қараша айында болып өтті. Бала тәрбиесіндегі ата-ана мен ұстаздың ерекше