Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Адалдық сағаттары
20
февраль
2023
Адалдық сағаттары
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында гимназия оқушыларына  «Адалдық сағаттары ұйымдастырылып»,  8-10 сынып оқушыларына «Менің азаматтық ұстанымым»  тақырыбында   Бостандық ауданы полиция майоры А.М Нуралиевамен, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен  бірлесен жұмыс жүргізіліп, дәріс оқылды. Дәріс барысында оқушылардың  құқықтары, мектеп ережелері талқыланды. Зиянды әдеттерден аулақ болу, ешкімге қиянат жасамау, қысым көрсетпеу тақырыптары қозғалды. Оқушылар өз пікірлерін ортаға
Волейболдан 7,8 сынып оқушылары арасында мектепішілік жарыс өтті
17
февраль
2023
Волейболдан 7,8 сынып оқушылары арасында мектепішілік жарыс өтті
Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай 7,8 сыныптар арасында мектепішілік волейболдан жарыс өтті. I орынды 8 "Б", II орынды 8 "А", III орынды 8 "В" сынып оқушылары иеленді. Мұхамади Әлнұр "ҮЗДІК ОЙЫНШЫ", Тұрғанбаев Райымбек "ҮЗДІК ШАБУЫЛДАУШЫ",Базарбай Абылай "ҮЗДІК ҚОРҒАУШЫ" номинацияларын иеленді. 
10-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар
15
февраль
2023
10-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар
Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Депортаментінен мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әділет подполковнигі Кошкенов Мадияр Серикович пен кадр саясаты бөлімінің аға инспекторы Әділет капитаны Дүйсенбаев Мақсат Арманұлы 10-11 сынып оқушыларына Академияға оқуға түсу туралы ақпарат берді. Қонақтарымыз болашақ талапкерлерді оқу орнының қалыптасу және даму тарихымен, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары үшін мамандарды дайындау жұмысының негізгі бағыттары және
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
14
февраль
2023
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
14.02.2023 жылы мектебіміздің 10-11 сынып оқушыларына Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен әдіскерлер келіп профориентациялық жұмыс жүргізді. Нақтырақ айтсақ, мамандықтар тізімімен, қосымша жеңілдіктер, бөлінетін гранттар, оқу жүйесі, жұмыспен қамту жағдайлары ашылып түсіндірілді.Универистеттің кампустарымен таныстырып, видеоролик көрсетілді. Түсіндірме жұмысынан соң оқушылардың қойған сұрақтарына әдіскерлер толық жауап берді.
Ән байқауы
13
февраль
2023
Ән байқауы
13.02.2023 5-11 сынып оқушылары, ата-аналары арасында Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған әндер байқауы өтті. Байқауға ата-аналардан бөлек, сынып жетекшілері де қатысып, бақ сынады. Әкелер, аналар, ата-әжелер ән салған бұл кеш өте қызықты өтті. Қатысушылар "Үздік әнші", "Үздік жұп", "Үздік орындаушы", "Үздік әуен" номинацияларын иеленді. 
Үстел теннисінен жарыс
10
февраль
2023
Үстел теннисінен жарыс
Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай бүгін мектебімізде 7-8 сынып оқушылары арасында үстел теннисінен жарыс өтті. I орынды 7 "Б" сынып оқушылары, II орынды 8 "А" сынып оқушылары, III орынды 8 "Г" сынып оқушылары иеленді. Баймұхан Жәнібек, Жақсыбай Ислам "Үздік ойыншы" номинациясымен марапатталды.
Ата-аналар Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған әндерді орындап шықты
10
февраль
2023
Ата-аналар Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған әндерді орындап шықты
Бүгін мектебімізде ата-аналар арасында "Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған..." атты   Мұқағали өлеңдеріне жазылған әндердің байқауы өтті.  Сегіз қырлы, бір сырлы ата-аналарымыз бар өнерлерін ортаға салып, қошеметке ие болды. Қатысушылар байқауға әдемі әсер сыйлап, өзгеше тебіреніс енгізді. Осылайша күні бойы мектебімізді ән тербетіп, ақынның рухы туған дала төсінде асқақатап тұрғандай әсер қалдырды.
"Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған"
09
февраль
2023
"Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған"
Құрметті ата-аналар! Сіздерді "Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған" атты ата-аналар арасында өтетін ән байқауының қадірлі қонағы болуға шақырамыз!
"Ей, менің нұрлы ғұмырым"
09
февраль
2023
"Ей, менің нұрлы ғұмырым"
Мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай 9-сынып оқушылары ақынды еске алу мақсатында ескерткішіне барып гүл шоқтарын қойып қайтты. Шәкірттеріміз Мұқағали жырларынан шашу шашып, өмір жолынан естеліктер айтты. 
Зорлық-зомбылықсыз өмір
09
февраль
2023
Зорлық-зомбылықсыз өмір
Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз өмір жобасы аясында М.Мақатаев атындағы 1-11 сынып оқушылары арасында түсіндірме жұмыстары өтті. Гимназия психологтары: Төреқұлова Меруерт пен Қарабала Асыл сыныптарда сұрақ-жауап, тренинг өткізу арқылы оқушылар арасындағы тәртіп пен қарым-қатынасты бақылай отырып, жұмыс жүргізді.