Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Пенчак Силат спорттық түрінің клуб-аралық чемпионаты
18
декабрь
2021
Пенчак Силат спорттық түрінің клуб-аралық чемпионаты
    Қыздар мен әйелдер арасында өткен Пенчак Силат спорттық түрінің клуб-аралық чемпионатында жеңіске жетіп, марапатталған гимназия шәкірті, 4"В"сынып оқушысы – Әскербек Інжу. Шын жүректен құттықтаймыз. Шәкіртіміздің жемісті өмір жолына бастаған жеңістері көп болсын. 
«Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы
15
декабрь
2021
«Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы
      Гимназиямыздың 5-сынып оқушыларын Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау өтілді. Аталмыш іс-шараның мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық,беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу. Бұл қасиеттер әрбір баланың бойында мектеп қабырғасында қалыптасатыны сөзсіз. 5-сыныптарды «Жас ұлан» қатарына қабылдай отырып, олардың міндеттері мен
Қалалық коньки тебу спорттық жарысының ашық чемпионаты
13
декабрь
2021
Қалалық коньки тебу спорттық жарысының ашық чемпионаты
      Алматы қаласы, 2-3-желтоқсан аралығында коньки тебу спорттық жарысының ашық чемпионаты болып өтті. Бұл спорттық жарыста гимназиямыздың түлегі Есенгельді Аружан жүлделі ІІ орынды иеленді. Талабыңа нұр жаусын! Шын жүректен құттықтаймыз.
Алматы қаласы GORKY TENNIS PARK ұйымдастыруымен өткен «Желтый мяч» турнирі
13
декабрь
2021
Алматы қаласы GORKY TENNIS PARK ұйымдастыруымен өткен «Желтый мяч»
    Алматы қаласы GORKY TENNIS PARK ұйымдастыруымен өткен «Желтый мяч» турнирінде жүлделі І орынды, шәкіртіміз 5 «Ә» сынып оқушысы Королева Алиса иеленді. Шын жүректен құттықтаймыз. 
Республикалық «Үкілі үміт» балалар шығармашылығы байқауы
13
декабрь
2021
Республикалық «Үкілі үміт» балалар шығармашылығы байқауы
     Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған Республикалық «Үкілі үміт» балалар шығармашылығы байқауына қатысып, өнер көрсеткен 5 «Ә» сынып оқушысы Ғаниұлы Бекболат марапатталды. 
Таеквондодан Алматы облысының ашық біріншілігі
13
декабрь
2021
Таеквондодан Алматы облысының ашық біріншілігі
     Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Таеквондодан Алматы облысының ашық біріншілігінде, 10-11 жас аралығында  36+ салмақ дәрежесінде І орын алғаны үшін гимназия шәкірті Дүйсебай Нұриман марапатталды. 
«Біз Мақатаев мектебінің түлегіміз» атты І форум ұйымдастырылды
13
декабрь
2021
«Біз Мақатаев мектебінің түлегіміз» атты І форум ұйымдастырылды
     М. Мақатаев атындағы мектепті бітірген түлектердің басын қосу, желілік қоғамдастық құру, түлектердің мектеппен шығармашылық байланысын нығайту, бітірген мектебіне, ұстаздарына деген құрметтерін арттыру мақсатында 2021 жылдың 11-і желтоқсанында ауқымды көлемде «Біз Мақатаев мектебінің түлегіміз» атты І форум ұйымдастырылды. Бұл күн – гимназия тарихында қалар ерекше атаулы күндердің бірі әрі бірегейі. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл, гимназиямыз атын арқалаған ақиық ақын М.
"Abai TV" телеарнасы
10
декабрь
2021
"Abai TV" телеарнасы
      Жуырда ғана "Сарасөзде"  өзінің дара жолын арқау еткен Ұстаздардың Ұстазы Сәния Өскенбайқызының ғибрат пен тағлымға толы, әсерлі   сұқбаты көрерменіне жол тартты. Сүбелі сөздің құдіретін танытып, ой өрнегін кестелеп, әрбір көрерменнің жанын тебіренткен кездесуде Сәния Өскенбайқызы ұрпақ тәрбиелеудегі тәжірибесімен бөлісті, көпшіліктің жүрек түкпіріндегі сансыз сұрақтарының астарын зерделеді. Ұлттық тәрбие - ұлт болашағы екенін және ұлтшыл ұрпақ тәрбиелеу- ата- ана мен ұстаздың еншісінде
Қалалық “Үздік ата-аналар жиналысы” байқауының қорытындысы
09
декабрь
2021
Қалалық “Үздік ата-аналар жиналысы” байқауының қорытындысы
    Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдығына орай рухани, әлеуметтік даму жолында және білім беру саласында жас жеткіншектердің тәрбиесі мен кемел келешегіне ықпал етіп, сапалы білім, саналы тәрбие берудегі еңбегі үшін және де “Үздік ата-аналар жиналысын” өткізуге үлкен педагогикалық үлес қосқаны үшін  N140 мектептің мұғалімі Темурбаева Сафура Сәлімбайқызы, Алматы қаласы Білім басқармасының грамотасымен марапатталды. Гимназия абыройын асқақтатып жүрген аяулы ұстазымызды марапатымен шын жүректен
«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы
09
декабрь
2021
«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы
    Елімізде «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өтілетін «Ақ Бота» зияткерлік олимпиадасы биыл да өзінің  дәстүрлі білім сайысын өткізді. 2021 жылғы 30 қараша мен 5-желтоқсан аралығында жалпы білім беретін мектептерге арналған «Ақбота» зияткерлік олимпиадасына гимназиямыздың бастауыш 3-4-сынып оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Талапты да зерек шәкірттерімізді шын жүректен құттықтаймыз.