Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Таеквондодан Халықаралық және Республикалық  жасөспірімдер арасындағы сайыс
24
январь
2022
Таеквондодан Халықаралық және Республикалық жасөспірімдер арасындағы
    Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытында спортты серік еткен шәкірттеріміз жетістіктерімен қуантуда. Таеквондодан Халықаралық және Республикалық жарыстарда жоғары дәрежедегі нәтижелерді көрсеткені үшін Мақатаев атындағы 140 гимназияның 5 “Е” сынып оқушысы - Дүйсебай Нұриман “Қара белбеу” иегері атанса, 4 “В” сынып оқушысы - Қайсар Нұрали, 2021 жылдың “Үздік спортшысы” дипломымен марапатталып, “Қара белбеу” иегері атанды.
«Нашақорлыққа берілме, онда болашақтың жолы жоқ!» атты онлайн сабақ
20
январь
2022
«Нашақорлыққа берілме, онда болашақтың жолы жоқ!» атты онлайн сабақ
    Қаңтардың 20-сы М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда 8-сынып оқушыларына нашақорлық, ішімдік, темекі сынды зиянды әдеттердің қауібін сезіндіру әрі алдын-алу мақсатында «Нашақорлыққа берілме, онда болашақтың жолы жоқ!» атты онлайн сабақ өткізілді. Оқушыларға нашақорлық – қауіпті індет екені түсіндіріліп, ішімдік пен темекінің зияны жайында ақпарат берілді. Сабақ соңында оқушылар ұзақ өмір сүрудің сыры неде екенін көрсетіп, салауатты өмір салты туралы өз ойларын ортаға салады.
«Адам құқықтары – Менің құқықтарым» атты онлайн-флешмобы
20
январь
2022
«Адам құқықтары – Менің құқықтарым» атты онлайн-флешмобы
     Адам құқығы – ең жоғары құндылық. Өзінің пікірін ашық білдіріп, қоғамда орнын қалыптастыратындай тұлға болып қалыптасуында құқықтың маңыздылығы жоғары. Осы орайда М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның 8,9-сынып оқушылары Дүниежүзілік адам құқықтары мерекесі қарсаңында «Адам құқықтары – Менің құқықтарым» атты онлайн-флешмобына қатысты. Инстаграмм әлеуметтік желісіне видео жүктеу арқылы оқушылар мен студенттер арасында өткен онлайн-флешмоб тартысқа толы болып өтті. Нүсіпбек Тоғжан, Иемберген