Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«British Bulldog 2021» Халықаралық байқауы
14
февраль
2022
«British Bulldog 2021» Халықаралық байқауы
    «Дарын лэнд» интеллектуалды орталығы ұйымдастырған ағылшын тілі бойынша «British Bulldog 2021» Халықаралық байқауында 1-орын алған М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның 9-сынып оқушысы Бектенбай Айгерим мен 10-сынып оқушысы Әділетқызы Меруертті жүлделі жеңістерімен құттықтаймыз.
“Тәртіпке бағынған - құл болмайды” тақырыбында жиналыс өтті
14
февраль
2022
“Тәртіпке бағынған - құл болмайды” тақырыбында жиналыс өтті
    Ақпанның 14-і, М. Мақатаев атындағы №140 гимназияда, Бостандық ауданы полиция бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен 5-9 сынып оқушылары арасында “Тәртіпке бағынған - құл болмайды” тақырыбында жиналыс өтті. Жиналыс барысында қазіргі уақытта белең алып жатқан жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, ұрлық, кибербулинг сынды мәселер талқыланып, оның алдын-алу шаралары айтылды. Құқық бұзушылықтың зардаптары мен әкімшілік жауапкершілігі түсіндіріліп, оқушыларға ұлттық тәрбиенің маңыздылығын
«Өзіңсің поэзия Пайғамбары» атты ақынның өлеңдерін орыс және ағылшын тілдерінде мәнерлеп оқу байқауы
14
февраль
2022
«Өзіңсің поэзия Пайғамбары» атты ақынның өлеңдерін орыс және ағылшын
      2022 жылдың 7 ақпанында  М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның 5-10 сыныптары арасында мектепішілік «Өзіңсің поэзия Пайғамбары» атты ақынның өлеңдерін орыс және ағылшын тілдерінде мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Дана халқымыз «Қанша елдің тілін білсең, сонша түрлі ілім білесің» демекші, дарынды шәкірттеріміз өзге тілде оқып қана қоймай, мәнерлеп, нақышына келтіре көптің көзайымына айналды. Талапты оқушылардың өнері әділ бағаланып, қорытынды кеште марапатталады.
"Адамгершілік пен руханияттың мөлдір бұлағы" атты аудандық балалар шығармашылығы байқауы
11
февраль
2022
"Адамгершілік пен руханияттың мөлдір бұлағы" атты аудандық балалар
    "Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" онкүндігінің аясында өткізілген "Адамгершілік пен руханияттың мөлдір бұлағы" атты аудандық балалар шығармашылығы байқауында М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның 6 "Б" сынып оқушысы, Манарбеков Абылай  ІІІ орынды иеленсе, аудандық "Асыл жүрек" атты эссе байқауында 10 "В" сынып оқушысы, Қайыржанова Ару ІІ орын иегері атанды. Шәкірттерімізді марапаттарымен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз.
«Әр өлеңі – бір әлем»  атты ертеңгілік
10
февраль
2022
«Әр өлеңі – бір әлем» атты ертеңгілік
     Шындықтан туған шынайы поэзияның иесі, қазақтың қара өлеңіне ешкімге ұқсамайтын өзгеше рең, өшпес бояу беріп, қайталанбас құбылысқа айналған ақиық ақын, миллион сырлы сезімнің иесі –  Мұқамедқали, Мұқағали Мақатаевтың бүгінгі туған күніне орай,  гимназияда «Әр өлеңі – бір әлем»  атты ертеңгілік өтті. Ақын шығармашылығынан жырлары оқылып, әндері шырқалды. Өшпес мұрасы насихатталып, балалардың танымдық дүниетанымы арта түсті.
Мұқағали мүсініне гүл шоқтарын қойып, жырларынан шашу шашып қайтты.
09
февраль
2022
Мұқағали мүсініне гүл шоқтарын қойып, жырларынан шашу шашып қайтты.
       Ақпан айының 9-ы жарық дүниеге өзімен бірге өршіл рух пен өлмес өлеңдерді арқалай келген ақиық ақын – Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып қайтарған классик, дала даналығын бесігінен сімірген дарабоз, өзгелер көре білмеген сырды, өзгелер өре білмеген жырды ұсына білген – сөз ұстасы. Ақын атын арқалаған №140 гимназияның бітіруші түлектері мен ұстаздары Мақатаев көшесінде орналасқан Мұқағали мүсініне гүл шоқтарын қойып, жырларынан шашу шашып қайтты.
“Жарастық пен келісімнің жаршысы” атты ғылыми жобалар байқауы
09
февраль
2022
“Жарастық пен келісімнің жаршысы” атты ғылыми жобалар байқауы
    «Мұқағали – мәңгілік жыр» айлығы аясында гимназияда  07.02.2022ж. күні  “Жарастық пен келісімнің жаршысы” атты ғылыми жобалар байқауы ұйымдастырылды. Оқушылар ақын шығармашылығын жас ерекшеліктеріне қарай берілген пәндермен ұштастыра отырып, толыққанды дайындықпен ғылыми жобаларын жоғары деңгейде қорғап шықты. Нәтижесі айлықтың қорытынды кешінде айтылып, марапатталады.
5-11 сыныптар аралығында «Менің бүгін туған күнім» атты онлайн мәнерлеп оқу байқауы
09
февраль
2022
5-11 сыныптар аралығында «Менің бүгін туған күнім» атты онлайн
        Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай!         Мына жұрттар неғып жатыр тойламай?! , - деп жырлаған ақиық ақын М.Мақатаевтың  90 жылдық мерейтойы Республика көлемінде тойланып келеді. Гимназиямызда жыл сайын  дәстүрлі түрде «Мақатаев айлығы» ұйымдастырылуда. Осы орайда ақпанның 3-і күні 5-11 сыныптар аралығында «Менің бүгін туған күнім» атты онлайн мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқауға әр сыныптан екі оқушыдан барлығы 70 оқушы қатысты. Zoom платформасы арқылы өткен байқау тартысқа толы
«Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздік ережелері» тақырыбында 1-11 сынып оқушыларына сынып сағаты
07
февраль
2022
«Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздік ережелері» тақырыбында 1-11 сынып
    М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда 05-07.02.2022 күндері өрттің қаншалықты қауіпті екені туралы балаларға түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру, білімдерін кеңейту, өрттің алдын алу мақсатында «Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздік ережелері» тақырыбында 1-11 сынып оқушыларына сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты барысында оттың тілсіз жау екендігі, оның зияны мен қауіпсіздігі туралы толық мағлұмат берілді. Балаларға оттан сақтанудың жолдарын, өрттің табиғатқа, адамға әкелетін зардабын түсіндіре