07
февраль
2022
«Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздік ережелері» тақырыбында 1-11 сынып оқушыларына сынып сағаты
М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда 05-07.02.2022 күндері өрттің қаншалықты қауіпті екені туралы балаларға түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру, білімдерін кеңейту, өрттің алдын алу мақсатында «Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздік ережелері» тақырыбында 1-11 сынып оқушыларына сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты барысында оттың тілсіз жау екендігі, оның зияны мен қауіпсіздігі туралы толық мағлұмат берілді. Балаларға оттан сақтанудың жолдарын, өрттің табиғатқа, адамға әкелетін зардабын түсіндіре отырып, сіріңке, оттық т. б. қатерлі нәрселерден аулақ болуға баулыды.





