Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қарбық мұздағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында дәріс
27
январь
2022

«Қарбық мұздағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында дәріс

Төтенше жағдай кезіндегі алғашқы іс әрекет пен көмек көрсету бойынша білімін дамыту, алдын ала сақтық шараларын ұйымдастыруды үйрету мақсатында 25-27.01.2022ж. күні аралығында гимназияның 1-11 сынып оқушыларына «Қарбық мұздағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында дәріс өтілді.
Мұз үстіндегі сақтық шараларын ұстану және төтенше жағдай туғанда өзгеге алғашқы көмек бере алу ережелері таныстырылды; қысқы уақыттаға табиғи апаттарға дайын болып, алдын алу әрекеттері түсіндірілді.
Жүргізілген дәрістер бойынша оқушыларға мынадай ережелер атап өтілді:
➢ Мұз үстіне қас қарайған шақта және ауа-райы қолайсыз кезде (тұман, қар, жаңбыр) мүлдем шықпаңыз. 
➢ Өзеннің арғы бетіне шықпақ ойыңыз болса, өткелмен өтіңіз. Бұл әлдеқайда қауіпсіз.
➢ Мұзды аяқпен теуіп, тексеруге болмайтынын ұмытпаңыз.
➢ Мұздан өтерде, осыған дейінгі салынған әдеттегі ізбен жүріңіз, егер бұндай із болмаса, айналаңызға мұқият қарап, жететін орныңызды жете біліп алыңыз.
Осы сынды ескертпелер мен сақтық ережелері толыққанды таныстырылып, оқушылардың жеке бас амандығы мен саулығы жайында ой өрбіді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: