Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңі
01
март
2022
«Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңі
    Алматы қаласы «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен 5-сынып оқушылары арасында математика пәнінен «Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті. ІІІ дәрежелі дипломмен Сембекова Айнұр, Назар Мариям марапатталды. Қыздарымызға қайсарлық пен батылдық тілейміз. Биік шыңдарды бағындыра беріңіздер!
Роза Бағланованың 100 жылдық мерей тойына орай өткен қалалық ән байқауы
01
март
2022
Роза Бағланованың 100 жылдық мерей тойына орай өткен қалалық ән
    Алматы қаласы Білім басқармасы «Оқушылар сарайы» орталығының ұйымдастыруымен «Өнердің шоқ жұлдызы» атты күміс көмей әнші, Халық Қаһарманы, Тарлан сыйлығының иегері Роза Бағланованың 100 жылдық мерей тойына орай өткен қалалық ән байқауында гимназиямыздың оқушысы Елубай Айасыл І орын иеленді. Талантты шәкіртімізге қазақ әндерін әлем сахнасында шырқауды бұйыртып, еліміздің көк байрағын желбіретер әнші болуына тілектеспіз.
ТЖ бойынша жаттығу
01
март
2022
ТЖ бойынша жаттығу
     Бүкіл әлемде аталып өтетін дәстүрлі мереке азаматтық қорғаныс күніне орай, М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда  оқушылар арасында тактикалық арнайы оқу, объектілі және сейсмикалық жаттығулар өткізілді. Азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауға мән берілген шарада төтенше жағдайлардың туындау сатысының жалпы түсінігімен және олардың түрлерімен таныстырды. Нәтижесінде азаматтық қорғаныстың жай-күйі талқыланып, қатысушылар теориялық білім мен өзін-өзі қорғаудың практикалық дағдыларын
«Алғыс – сөздің асылы» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті
01
март
2022
«Алғыс – сөздің асылы» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті
       1 наурыз алғыс айту күніне орай 1-11-сыныптар арасында  «Алғыс – сөздің асылы» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Алғыс айту, ризашылық білдіру ұғымдарының мәні мен маңызының тікелей адамға немесе айнала қоршаған ортаға тигізетін әсерін ұғындыру, басқа адамдармен түсінісуге дағдыландыру мақсатында өткен іс-шараның баларға берер тағылымы мол. Кеңпейілділікке, адамгершілікке, өзара түсіністікке, тыңдай білуге тәрбиелеу. Жақсы сөз айту, жақсылық жасау – адам мерейін өсіретін, көңіл күйін
Республикалық ғылыми жобалар конкурсы
28
февраль
2022
Республикалық ғылыми жобалар конкурсы
     Дархан даланың хәкім Абайы «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады»-демекші, шәкірттеріміз білім мен ғылымды қатар алып, аудандық, қалалық, республика көлеміндегі ғылыми жұмыс байқауларында бақ сынап жүр. М.Мақатаев атындағы №140 гимназия шәкірттері Дінмұхамед Жігер, Әділетқызы Меруерт, Жасұлан Ерболат - 2022 жылдың 21-25 ақпан күндері Шымкент қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсына қатысты. Физика
Бокстан Республикалық турнир
28
февраль
2022
Бокстан Республикалық турнир
    Шәкірттеріміз 7 «Г» сынып оқушылары Берданов Ералы мен Артықбаев Ислам  республикалық турнирде бокстан II, III орын иегері атанды. Еліміздің көк туын әлемдік аренада желбіретіп, биік тұғырлардан көріне беруін тілейміз!