Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Вальс Осени» атты би конкурсы
30
ноябрь
2021
«Вальс Осени» атты би конкурсы
    Қазақстан Республикасының спорт және мәдениет министрлігі, ҚР спорттық би ассоциациясының ұйымдастыруымен Алматы қаласының спорттық би Федерациясы өткізген, «MAGIC DANCE» спорттық-би клубының «Вальс Осени» атты би конкурсында гимназияның 3 «Е» сынып оқушысы – Назымбек Алуа жүлделі ІІ орынмен марапатталды.   
"Жаса Отаным" атты гимнастикадан ашық чемпионат
30
ноябрь
2021
"Жаса Отаным" атты гимнастикадан ашық чемпионат
     "Жаса Отаным" атты ашық чемпионатта көркем гимнастикадан  гимназиямыздың 4 «Ә» сынып оқушысы  Құрманғали Әмина  жүлделі І орынға ие болды. Талантты да еңбекқор шәкіртімізді шын жүректен құттықтаймыз. Алдағы уақытта көптеген асуларды бағындыруына тілекшіміз. 
Стритболдан 20-21 қарашада Республикалық турнир
30
ноябрь
2021
Стритболдан 20-21 қарашада Республикалық турнир
    Нұр-Сұлтан каласында 13-16 жастағы балалардың арасында стритболдан 20-21 қарашада Республикалық жарыс өтті. Шәкіртіміз Амангельдиев Шыңғыстың командасы  жүлделі І орынмен марапатталды. Салауатты өмір салтын ұстанған жас спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз. Спорт әлемінде тек қана сәттілік тілейміз. 
Алматы қаласы бойынша каратэден турнир
30
ноябрь
2021
Алматы қаласы бойынша каратэден турнир
    Әрбір жаңа күн – гимназия шәкірттері үшін жаңа белес бағындыруға берілген мүмкіндік. Бұлай дейтін себебіміз, гимназия шәкірттері спорт әлемінде тағы да биік белестерден көріне білді. Жеңіске жету жолында тынбай, аянбай еңбек етіп, талпынған шәкірттеріміз – біздің мақтаныштарымыз. М. Мақатаев атындағы №140 гимназия шәкірттері Қабланбай Арсен мен Қабланбай Заңғар Алматы қаласы бойынша каратэден жүлделі ІІ орын алды. Шымыр да шыныққан шәкірттерімізді шын жүректен құттықтаймыз. 
"Үш бақытым" атты мектепішілік байқау
29
ноябрь
2021
"Үш бақытым" атты мектепішілік байқау
     Қарашаның 27-і, ақиық ақын М. Мақатаевтың – 90 жылдық мерейтойы мен тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 6 "Б" сынып оқушыларының арасында "Үш бақытым" атты байқау өткізілді. Байқау үш кезеңнен тұрды: 1. Ұяшықтарға жауап беру; 2. Ақынның кез-келген 3 өлеңін мәнерлеп оқу; 3. Мектеп, ұстаз, отан жайында   мақал-мәтел айту. Байқау  өте тартысты өтті. Балалардың жеңіске деген құлшыныстары әділ-қазылар алқасын тәнті етті.  Байқау нәтижесі бойынша жүлделі 3-орынды – Нұрмұханбет Айару, Бидахмет
«Медеу» мұз айдынында
28
ноябрь
2021
«Медеу» мұз айдынында
    Қазіргі таңда оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану негізінде көптеген жағдайлар жасалған. Оқушылардың таза ауада демалып, серігіп қайтуы үшін Базаркүл Кемелбайқызы мен Назерке Асқарқызының жетекшілігіндегі сынып оқушылары «Медеу» мұз айдынына барып, демалыстарын тиімді пайдаланды. Медеу мұз айдынының тарихымен таныса отырып, коньки тебуді үйренді. 
Отбасылық марафон
27
ноябрь
2021
Отбасылық марафон
« Оқуға құштар мектеп » Отбасылық марафон «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  "Мен отбасыммен бірге  кітап оқимын" отбасылық марафоны өткізілді.  Осы сайыс барысында оқушылар мен ата-аналар өз белсенділіктерін танытып, таным-түсініктерін кеңейтті. «Кітап, ғылым – тілсіз мұғалім» деп бекер айтылмаған. «Үздік оқырман отбасы» бойынша 1-орын иегерлері: 4 «В» сыныбы 1.Уваидилда Айша 2.Күрішбай Айша Бибі 3.Ерғали Айдана 4.Изатулла Медина 5.Бекайдар Бекхан
Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай шахматтан жарыс өткізілді
25
ноябрь
2021
Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай шахматтан жарыс өткізілді
                                          Анықтама         2021 жылдың 22 қарашасында М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның 1-11 – сынып оқушылары арасында Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай шахматтан жарыс өткізілді. 4 «Г»  сынып оқушысы Джумаканов Қуаныштың ата-анасы Тюбаев Серік Джумаканович пен Чайзаданова Гүлсім Сейтқалиқызының демеушілігімен ұйымдастырылған сайысқа 50 оқушы қатысты. Шахмат жарысы олимпиадалық жүйеде өткізілді. Жарыс барысында өте жақсы ойын көрсетіп, соңғы турға өткен