Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа 90 жыл!
Қазақ поэзия əлеміне шетсіз-шексіз кеңістік пен көз сүрінер биіктік əкелген, ғұмырлы поэзиясы барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін жан серігіне айналған «Ғасыр ақыны» - Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың биыл 90 жылдығы! Кəусар сезім мен тояттамас көңіл, шалқыған шаттық пен мұңға тұнған махаббат, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағыныш сыйлаған ақынның алып атын арқалап жүрген №140 гимназиямызда, мұзбалақ ақынның рухына арналған «Мұқағали – мәңгілік