Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
февраль
2021

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа 90 жыл!

      Қазақ поэзия əлеміне шетсіз-шексіз кеңістік пен көз сүрінер биіктік əкелген, ғұмырлы поэзиясы барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін жан серігіне айналған «Ғасыр ақыны» - Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың биыл 90 жылдығы!
Кəусар сезім мен тояттамас көңіл, шалқыған шаттық пен мұңға тұнған махаббат, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағыныш сыйлаған ақынның алып атын арқалап жүрген №140 гимназиямызда, мұзбалақ ақынның рухына арналған «Мұқағали – мәңгілік жыр» атты айлық іс-шара ұйымдастырылып жатыр. 
Айлық шымылдығын «Мұқағали – поэзия тұлпары» атты жыр шашумен аштық. Әлемдік дерт салдарынан өзгеріске ұшыраған қазіргі оқу жүйесіне байланысты, оқушыларымыз онлайн, оффлайн форматтағы сабақ барысында, ақынның мол мұрасынан сусындап, жыр жауһарларын жарыса оқыды.  
 «Құдайдың ерке бір ұлы еді ол,
  Адамдар ішіне жіберген,» — деп атақты ақын Тұманбай Молдағалиев, Мұқағалидың жаратылыс-болмысын шебер өрнектегені текке емес. Ақын рухы – ұлт рухының ажырамас бөлшегі екені сөзсіз! 








































Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: