Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
10-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар
15
февраль
2023
10-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар
Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Депортаментінен мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әділет подполковнигі Кошкенов Мадияр Серикович пен кадр саясаты бөлімінің аға инспекторы Әділет капитаны Дүйсенбаев Мақсат Арманұлы 10-11 сынып оқушыларына Академияға оқуға түсу туралы ақпарат берді. Қонақтарымыз болашақ талапкерлерді оқу орнының қалыптасу және даму тарихымен, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары үшін мамандарды дайындау жұмысының негізгі бағыттары және
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
14
февраль
2023
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
14.02.2023 жылы мектебіміздің 10-11 сынып оқушыларына Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен әдіскерлер келіп профориентациялық жұмыс жүргізді. Нақтырақ айтсақ, мамандықтар тізімімен, қосымша жеңілдіктер, бөлінетін гранттар, оқу жүйесі, жұмыспен қамту жағдайлары ашылып түсіндірілді.Универистеттің кампустарымен таныстырып, видеоролик көрсетілді. Түсіндірме жұмысынан соң оқушылардың қойған сұрақтарына әдіскерлер толық жауап берді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне саяхат
14
февраль
2023
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне саяхат
10 "Г" сынып оқушылары кәсіп таңдау бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Журналистика факультетінде өткен ашық есік күніне барып қайтты. Балалар мол мағұлмат алып, жүректеріне үміт сәулесін ұялатып қайтты. Университетепен танысып, оқу кезеңдері, факультеттер туралы, қандай мамандық иесі болып шығуға болатыны жайлы балалар ақпарат алды. 
Ән байқауы
13
февраль
2023
Ән байқауы
13.02.2023 5-11 сынып оқушылары, ата-аналары арасында Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған әндер байқауы өтті. Байқауға ата-аналардан бөлек, сынып жетекшілері де қатысып, бақ сынады. Әкелер, аналар, ата-әжелер ән салған бұл кеш өте қызықты өтті. Қатысушылар "Үздік әнші", "Үздік жұп", "Үздік орындаушы", "Үздік әуен" номинацияларын иеленді. 
Халықаралық жарыстан шәкіртіміз жүлделі орын иеленді
13
февраль
2023
Халықаралық жарыстан шәкіртіміз жүлделі орын иеленді
1"Ж" сынып оқушысы Алиұлы Алимжан Бишкекте өткен Халықаралық каратэ байқауынан жүлделі 2-орынды қанжығасына байлады. Тамаша жетістік көрсеткен шәкіртіміз үшін қуаныштымыз! Биік белестерді бағындырып, жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз! Құттықтаймыз!
Дзюдодан жарыс
11
февраль
2023
Дзюдодан жарыс
Қалалық дзюдо жарысынан  2 "К" сынып оқушысы Азамат Айсултан 3-орын иеленді. Шәкіртімізді шын жүректен құттықтаймыз! Биіктерден көрінуіне тілектеспіз! 
Ата-аналар тәрбиесі жайлы әкелер жиналысы
11
февраль
2023
Ата-аналар тәрбиесі жайлы әкелер жиналысы
10.02.2023 жылы бастауыш сынып мұғалімі Айкүміс Сайлауханқызы сыныбында әр әкеге жеке шақырту жіберіп ӘКЕЛЕР ЖИНАЛЫСЫН өткізді. "Галереяға саяхат" тренингін өткізіп, "Менің отбасым" тақырыбында салған балалардың суреттеріне саяхат жасап, әкелер өз баласының салған суреттерін табуға тырысты. 7 әке ғана дәл тапты. 7 әкеден Отбасы мен әкенің ортасындағы көрінбейтін, үзілмейтін байланыс бары анықталды. Жиналысқа 26 оқушының әкелері, екеуінің ағасы келді. Мазмұнды, ерекше жиналыс болды. Ардақ