"Балдәурен" жазғы лагері
Бүгін мектеп ішіндегі “Балдәурен “ жазғы лагері өз жұмысын бастады . Көңілді қуыршақтар мен топ жетекшілері оқушыларды күтіп алды . Лагерьдің ашылу салтанатына оқушылар , ұстаздар , ата- аналар қатысты. Көңілді әндер айтылып , би биленіп , өлең шумақтары шырқалды . Балалардың көзінен қуаныштың желі есіп тұрды . 17 топтан құралған лагерь оқушылары бірінші күннен керемет әсер алды . 1-9 топ оқушылары зообаққа барып жануарлар өмірімен танысса ,9-17 топтар АДК ойын сауық орталығында ойын ойнады .