Басқару менеджменті
Ұлытау облысы Білім басқармасының басшысы Тулекова Сапура Сейдуалиқызы облыс өңіріндегі аудандардың әдістемелік кабинет меңгерушілері және мектеп директорларымен тәжірибе алмасу мақсатында ағымдағы жылдың 17 қарашасында шаруашылық жүргізу құқығындағы «М.Мақатаев атындағы №140 гимназия» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына атбасын бұрды. Келген әріптестер мектептің тыныс-тіршілігімен кеңінен танысу мақсатында әр кабинеттің (химия, робототехника, физика, биология, география) жабдықталғанына