Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
январь
2021

Гимназиядағы карантиндік талаптар

            Ведомствоаралық комиссияның шешімімен, Бостандық ауданы, М.Мақатаев атындағы №140 гимназиясы оқу жылының III тоқсанынан бастап бітіруші сыныптар үшін (9,11,12 сыныптар) санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, аралас оқыту (пәндердің 70%-ын – дәстүрлі форматта, 30%-ын – қашықтан) жүйесіне көшті.
«Бұл шешім бірнеше айдан кейін мемлекеттік аттестациядан өтетін, мемлекеттік емтихан тапсыратын 9, 11-сынып оқушыларына қатысты. Олар үшін бүгінде білім алудың маңызы зор. Біз оқу бағдарламасының 70 пайызын дәстүрлі форматта, 30 пайызын қашықтан оқитынын айтып отырмыз. Мұны аралас оқу деп атаймыз. Дәстүрлі форматта оқытылатын пәндерге бірінші кезекте ҰБТ мен қорытынды аттестацияға қажетті пәндер болады. Бұлар: математика, қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі, физика, химия, биология, алгебра, геометрия және тағы басқалары. Ал қалған пәндерді қашықтан оқуға қалдырамыз», - деп, онлайн-брифингте министр ОКҚ мәлімдеме жасаған болатын.
Жоғарыда аталған талаптар мен ережелерді сақтай отырып,   мектебіміз 14-қаңтардан бастап, аралас оқу форматымен білім беруді үйымдастырып, күнделікті әкімшілік бақылау мен санитарлық талаптарды қатаң ұстануда. Ел болашағы -  жастарымыздың білімі мен денсаулығы біз үшін маңызды!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: