Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 8 “Ж” сынып оқушылары Айгүл Қосановамен кездесуге қатысты
21
май
2026

8 “Ж” сынып оқушылары Айгүл Қосановамен кездесуге қатысты

М. Мақатаев атындағы №140 гимназияның 8 “Ж” сынып оқушылары сынып жетекшісі Анель Талғатқызымен бірге И.А. Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасында ұйымдастырылған ҚР Халық әртісі Айгүл Қосановамен кездесуге қатысты.Қадірлі қонақты оқушылар ұлттық би және күй шашумен қарсы алып, кештің шырайын аша түсті. Сонымен қатар, Айгүл Қосанованың балалық шағынан сыр шертетін қызықты қойылымдар сахналанып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.Кездесу барысында Айгүл Шоданқызы ұлттық музыка мен дәстүрлі өнердің маңызы туралы тағылымды әңгіме өрбітіп, өнердің тәрбиелік мәніне тоқталды. Әсем әуенмен көмкерілген әсерлі кеш қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ұлттық өнерге деген құрметті арттыра түсті.
Мазмұнды кездесу оқушылар үшін рухани таным мен эстетикалық тәрбиенің жарқын үлгісіне айналды.





Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: