12
сентябрь
2025
Ата-аналарға арналған семинар-тренинг өтті
М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда PhD докторант, 16 жылдық тәжірибесі бар педагог-профориентолог, Grant Expert, мотиватор әрі коуч Омарбек Көшкімбайұлы ата-аналармен семинар-тренинг өткізіп, өзара пікір алмасты. Кездесу барысында ата-аналар мен ұстаздар баланың кәсіби бағдарын анықтау,мотивацияны арттыру және жеке қабілеттерді дамыту бағытында пайдалы ақпарат алды. Шара жылы атмосферада өтіп, қатысушыларға жаңа көзқарас пен шабыт сыйлады.






