"Сингапурлық тағылдама"
"Сингапурлық тағылдама"
Мұғалім кітапханасы, мұғалімнің ой терезесі, өсуі, ұстанымдары,т.б.толып жатқан жап- жаңа білімдерді бір күнде алу оңай емес болса да, барынша меңгеруге талпынған ұстаздар, сіздер, жарайсыздар! Мектебімізде осындай семинар өтуіне ықпал еткен мектебіміздің ұстаздары- Камшат Қайратқызы мен Фарида Рақымқызына көп рақмет айтамыз. Өмір бойы ізденетін мұғалім дейтін бір ғана мамандық бар. Ұстаздардың ұлтты тәрбиелеу үшін оқыған ғұмырлық білімін бірнеше университетке балауға болады.
"Жас келсе-іске"- деген қазақ. Өз басым кешегі күні жастарымыздың да жалыны мен жігеріне риза болдым. Артымыздан осындай жастар өсіп келе жатқанын көргенде, көңіліміз өсіп қалады ғой. Шет мемлекеттермен байланыс орнату, жақсысын алу- қандай ғанибет нәрсе. Бармасақ та барғандай болып марқайып қалдық. Аталмыш семинарда талқыланған тақырыптың шегі жоқ. Теңіздей білімнен тамшыдай болса да нәр алған қандай! Бір күніміз жаңа хикметпен толығып, рухани жаңарып қалғанымызға мәз болып, үлкен әсермен үйге қайттық. Осынау өмірдің сансыз кереметтерінің бірі деп бағалаған семинар барысында мені толғандырған дүниелер көп болды. Солардың бірі- оқу тәрбие іcі меңгерушілерінің семинардың өн бойында жайраңдап белсенді
Артымыздан осындай жастар өсіп келе жатқанын көргенде, көңіліміз өсіп қалады ғой. Шет мемлекеттермен байланыс орнату, жақсысын алу- қандай ғанибет нәрсе. Бармасақ та барғандай болып марқайып қалдық. Аталмыш семинарда талқыланған тақырыптың шегі жоқ. Теңіздей білімнен тамшыдай болса да нәр алған қандай! Бір күніміз жаңа хикметпен толығып, рухани жаңарып қалғанымызға мәз болып, үлкен әсермен үйге қайттық. Осынау өмірдің сансыз кереметтерінің бірі деп бағалаған семинар барысында мені толғандырған дүниелер көп болды. Солардың бірі- оқу-тәрбие ісі меңгерушілерінің семинардың өн бойында жайраңдап белсенді жүргендері. Қандай жарасымды болды. Ұстаздармен бірдей, ұстаздарына сүйсініп, семинарға белсене қатысқан Сәния Өскенбайқызына біз де риза болдық. Білім жетілдірудегі бұл күнге дейін алған білімдеріміз өзімізге қаншама азық болды. Десе де халықаралық білімнен сусындау ежелден арманым еді. Сол арманымның осы оқу ұжымында орындалғанына бек қуандым. Жаңалықтың жаршысы болып келе жатқан гимназияның ізгі істері жалғасын таба берсін!












