Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 9-сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары
29
май
2024

9-сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары

Биылғы оқу жылында «Орта білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы" бұйрыққа сәйкес қорытынды аттестаттау 2024 жылғы 29 мамырдан бастап 10 маусымға дейін өткізіледі.
9 (10)-сынып оқушылары үшін:
      1) қазақ тілі/орыс тілі және өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде білім беретін мектептер үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп білім алушылары үшін - жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 2024 жылғы 29 мамыр;
      2) математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 2024 жылғы 3 маусым;
      3) орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) – 2024 жылғы 6 маусым;
      4) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2024 жылғы 10 маусым;

29 маусым күні ШЖҚ "М.Мақатаев атындағы №140 гимназия" МКК-нің 174 9- сынып оқушылары ана тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан тапсырды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: