Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 11-сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау
28
май
2024

11-сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау

Білім алушыларды қорытынды аттестаттау – балалық шақтың соңғы кезеңін анықтайтын мектеп өмірінің маңызды келбеті. Түлектер он бір жыл бойы алған білімдерін дәлелдеуі керек.
Биылғы оқу жылында «Орта білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы" бұйрыққа сәйкес қорытынды аттестаттау 2024 жылғы 28 мамырдан бастап 11 маусымға дейін өткізіледі. Мемлекеттік емтихандар - орта білімнен кейінгі білім алу жолындағы маңызды кезең, олардың төртеуі міндетті болып табылады: алгебра және анализ бастамалары бойынша бақылау жұмысы, оқыту тілі бойынша эссе жазу, қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі бойынша жазбаша жұмыс (орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі бойынша), Қазақстан тарихы (ауызша). Түлектер физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, Құқық негіздері, шет тілі, информатика пәндерінің бірін бесінші пән ретінде таңдауға құқылы. 

28 маусым күні ШЖҚ "М.Мақатаев атындағы №140 гимназия" МКК-нің 135 мектеп түлегі ана тілі оқыту тілі бойынша жазбаша емтихан тапсырды. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: