Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 9-сынып оқушылары арасында мамандық таңдауға бағытталған кәсіптік білім беру
20
февраль
2024

9-сынып оқушылары арасында мамандық таңдауға бағытталған кәсіптік білім беру

20 ақпан күні ШЖҚ «М.Мақатаев атындағы №140 гимназия» МКК-де «Әділет» колледжінің оқытушылары мен студенттері оқушылардың мамандық таңдау ерекшеліктерін ескере отырып, 9-сынып оқушылары арасында мамандық таңдауға бағытталған кәсіптік білім беру бойынша колледждің оқу-тәрбие процесімен таныстырды. Қатысқан оқушылар саны – 170. Шетелде өтетін ақылы тағылымдама, қызықты студенттік өмір, оқушылардың жоғары кәсіби құрамы жайында сөз қозғалды. Оқушылар өзара пікір алмасып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. 
«Әділет» колледжі – 1997 жылы Каспий қоғамдық университеті мекемесінің құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылған. Бастапқыда заңгерлерді дайындаған бір бейінді оқу орны болды (мамандығы — «Құқықтану»). Уақыт өте келе осы мамандыққа «Маркетинг», «Менеджмент», «Қонақ үй бизнесі», «Аударма ісі» мамандықтары қосылды. 2023-2024 оқу жылына арналған гранттар саны, оқу құны, мамандықтар бойынша толық ақпарат білгіңіз келсе төмендегі сілтемені басыңыз.

https://adilet.edu.kz/

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: