Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «JETOO» ҰБТ-ға дайындау орталығы кәсіптік бағдар беру бойынша тренинг
14
октябрь
2022

«JETOO» ҰБТ-ға дайындау орталығы кәсіптік бағдар беру бойынша тренинг

    Оқушылардың қызығушылықтарын айқындау, қабілеттері мен мүмкіндіктерін, өмірлік жоспарлары мен перспективаларын ескере отырып, болашақ мамандықтарын дербес әрі саналы таңдауына ықпал ету мақсатында М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның 11-сынып оқушыларына 14-қазан күні «JETOO» ҰБТ-ға дайындау орталығы кәсіптік бағдар беру бойынша тренинг өткізді.
Тренингтің спикерлері:
📌 М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның 2016 жылғы түлегі Алихан Байсұлтанов;
📌21 жасында 200 мұғалімді басқарып, 5000 оқушының білім алуына себепкер болып үлгерген Сырым Махмет;
📌 25 жасында 2,5 млр айналымы бар компанияның атқарушы директоры атанған Темірлан Биахмет;
📌 Отандық компанияны 5 жылдың ішінде 500 млн айналымнан 3 млрд айналымға жеткізген маркетинг маманы Мырзабек Айдар;
📌 JETOO ҰБТ-ға даярлау орталығының негізін қалаушылар Ержан Аякешов пен Қасым Махмет.
Осы іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысып, ізбасарлараның өз жолын табуына, бағытын айқындауына үлес қосқан, гимназия мен «JETOO» білім беру орталығы арасында алтын көпір болып жүрген талантты да дарынды түлегіміз Алиханға айтар алғысымыз шексіз! Ұстаздарын ұлықтар, замандастарына алаңдар Алихандай шәкірттерімізбен мақтанамыз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: