Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
февраль
2024

10-сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы

Ақпанның 10-ы күні ШЖҚ «М.Мақатаев атындағы №140 гимназия» МКК-да 10-сынып оқушылары ата-аналарының жиналысы өтті. Гимназияда барлық 10-сынып оқушыларның саны - 168, 5 сынып комплектациясы бар.  Жиналыстың басында әр сыныптың оқушылары М.Мақатаевтың жыр шумақтарынан шашу шашып, нақышына келтіріп оқыды. 
Жиналыстың басты тақырыбы –мемлекеттік тілден қорытынды емтихан тапсыру және ҰБТ-ға дайындық. Қазақ тілінен емтиханды 5-8 және 10 сынып оқушылары тапсырады. Өзгерістер 2023-2024 оқу жылынан бастап енгізілді, яғни мамыр айында мемлекеттік тілді білу деңгейінен сынақтан өтеді. Бұған дейін бұл емтиханды 9 және 11-сынып оқушылары ғана тапсыратын. Оқу-ағарту министрлігі хабарлағандай, тестілеу жазбаша және ауызша түрде өтеді. Оқушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдылары бағаланады. 
Гимназия басшысы Сәния Өскенбайқызы 10-сынып оқушыларының тәртібі, сырт келбеті, сабақ үлгерімі жайында ой қозғады. Құқықбұзышылық, ертежүктілік, жол ережесіне бағыну,  босуақытын тиімді пайдалану, ҰБТ-ға дайындық туралы сөз өрбітті.
10 «Г» сыныбының сынып жетекшісі Ботабек Назгүл мамандық таңдау, қызығушылық, қабілет, бейімділік тақырыбында пікірлесіп, мамандық таңдаудан қателеспеуге шақырды.
10 «А» сынып жетекшісі Сымбат Спандиярқызы өткен аптада жазылған тест нәтижелерімен таныстырып, ең жоғарғы көрсеткіш – 120 балл, ең төменгі көрсеткіш – 41 баллды құрағанын жеткізді. 
10 «Б» сыныбының сынып жетекшісі Сәуле Амангелдіқызы мектеп қабырғасында оқушылардың жетістіктері мен мектепішілік шаралар бойынша есеп берді. Ата-аналар сұрақтарын қойып, өз ойларын ортаға салды. 
Өкінішке орай, жиналысқа келмеген ата-аналар да бар. Мектеп басшысы жиналысқа келген ата-аналарға бүгінгі жиналысқа келмеген ата-аналармен өз сыныптарында келесі аптаның бір күнінде жиналыс өткізулерін талап етті. Ол жиналысқа мектеп әкімшілігінің де қатысатынын ескертті. Әрі қарай жиналыс 10-сыныптың сынып жетекшілерінің басшылығымен оқу кабинеттерінде пән мұғалімдерінің қатысуымен   жалғасты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: