Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
февраль
2024

Мұқағали аманаты : ұрпақтар сабақтастығы

Алматы қаласы білім басқармасы, Бостандық аудандық  білім бөлімі және ШҚЖ «М.Мақатаев атындағы №140 гимназия» МКК-нің ұйымдастыруымен  16 ақпанда «Мұқағали аманаты: ұрпақтар сабақтастығы» атты М.Мақатаев ұрпақтарымен, мұрасын насихаттаушылармен, Мұқағалитанушылармен кездесу өтті.
       Семинардың мақсаты: ШЖҚ “М.Мақатаев атындағы №140 гимназия» МКК-нің ұстаздарының, ата-аналарының, шәкірттерінің М.Мақатаев ұрпақтарымен, мұрасын насихаттаушылармен кездесуіне мүмкіндік жасау, пікір алмасу, ой бөлісу.
          Кездесуге М.Мақатаев ұрпақтары, ақын мұрасын насихаттаушылар, Мұқағалитанушылар келді:
1.    Мақатаев Жұлдыз Мұқағалиұлы – ақынның ұлы
2.    Мақатаева Бақыткүл Қыдырбайқызы -  ақынның келіні
3.    Шаяхмет Имашұлы  - Мұқағалитанушы, ақын
4.    Гүлшара Есетқызы – ҚР Мәдениет қайраткері
5.    Нүсіпқожаева Нұрсұлу -  ҚР Білім беру ісінің Үздік қызметкері, ардагер ұстаз
6.    Мұқағалитанушы Оразақын Асқардың жары – Ажар апа
7.    Нұрғиса Тілендиевтің жары -  Дариға апай
8.    Әсия Несіпбайқызы -  «Мұқағали» театрының режиссері
        
Модератор: Сағынғалиев Дәурен Наурызбайұлы, Үздік педагог 
Кездесу   ШҚЖ «М.Мақатаев атындағы №140 гимназия» МКК-нің концерттік бағдарламасына ұласты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: