Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстары
14
март
2022

«Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстары

     «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстары
    М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда 11.03.2022-14.03.2022 күндері аралығында, 5-11 сыныптар арасында «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстары өтті. Гимназия директоры  С.Ө.Тілеубай, саяси өмірдің әртүрлі мәселелерін кәсіби әрі терең түрде түсіну, қоғамдағы келеңсіз оқиғалардан сақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу сынды мәселерлерді көтеріп, құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын қарастырды. Жасөспірімдік шақ – есею, жетілу, мүмкіншілік кезеңі. Бұл кезеңде өзгерістер, әсіресе өзара қарым – қатынастағы мәселелер жедел түрде дамып, өкінішті оқиғаларға, келеңсіз жағдайларға себеп болып жатады. Осыған орай, гимназия психологы А.Қарабала оқушылардың тәрбиелік және құқықтық білім деңгейін тексере отырып, психологиялық ахуал ұйымдастырды. Сұрақ-жауап, жағдаят шешу сияқты бірлесе атқарылған іс-шаралар, оқушыларға сауатты негіз бен мықты білік қалыптастыруға себепкер болды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: