Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Последние публикации на сайте » Страница 12
Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері
21
ноябрь
2023
Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері
2023 жылдың 21 қарашасында өскелең ұрпақ арасындағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның оқушыларына "ZOOM" арқылы жиналылыс өткізді. Жиналыстың спикері - ҚР төтенше жағдайлар басқармасының маманы Бугабаев Бекболат Мухитдинұлы .  Жиналыс барысында жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері және сейсмикалық жаттығулар, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жайында
Еркін тыныс ал!
20
ноябрь
2023
Еркін тыныс ал!
2023 жылдың  20 қарашасында "Еркін тыныс ал!"атты  жалпы республикалық флешмобқа Алматы қаласы Білім басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Мұқағали Мақатаев атындағы №140 гимназия» мемлекеттік қоммуналдық кәсіпорнының оқушылары белсене қатысты. Флешмобтың мақсаты - оқушылардың салауатты өмір салтына деген ұмтылысын қолдау, вейпингтің зияны, оның ағзаға тигізетін кері әсері туралы ақпараттармен бөлісу, жаман әдеттерден бойын алшақ ұстауға шақыру.
Ашық есік күні
18
ноябрь
2023
Ашық есік күні
      Алматы қаласы Білім басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Мұқағали Мақатаев атындағы №140 гимназия» мемлекеттік қоммуналдық кәсіпорнында  18 қараша күні  7-8-сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы мен "Ашық есік" күні ұйымдастырылды. Әр ата-ана пән мұғалімдерімен жеке жолығып, тілдесті. Ата-ана баласының сабақ үлгерімі, сабақта өзін-өзі ұстауы мен атсалысуы жөнінде толық ақпарат алса, пән мұғалімдері "ТЖБ,БЖБ" бақылау дәптерлерін көрсетіп, оқушыға өз пәндері бойынша  кеңес берді.
Басқару менеджменті
17
ноябрь
2023
Басқару менеджменті
      Ұлытау облысы Білім басқармасының басшысы Тулекова Сапура Сейдуалиқызы облыс өңіріндегі аудандардың әдістемелік кабинет меңгерушілері және мектеп директорларымен тәжірибе алмасу мақсатында ағымдағы жылдың 17 қарашасында шаруашылық жүргізу құқығындағы «М.Мақатаев атындағы №140 гимназия» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына атбасын бұрды. Келген әріптестер мектептің тыныс-тіршілігімен кеңінен танысу мақсатында әр кабинеттің (химия, робототехника, физика, биология, география)  жабдықталғанына
Бос орынға жарияланған конкурс нәтижесі
17
ноябрь
2023
Бос орынға жарияланған конкурс нәтижесі
Көркем еңбек пәнінен, логопед-дефектолог лауазымына бос орынға жарияланған вакансия бойынша конкурс аяқталды. Көркем еңбек пәнінен 1.Жусипова Гулмира Адилхановна Логопед-дефектолог 1.Кеңесбекова Амина Шоханқызы жұмысқа қабылданды. Конкурс тест түрінде және комиссия мүшелерімен сұхбаттасу арқылы жүзеге асты. Тест нәтижесі бойынша жоғары балл көрсеткен ұстаздар сұхбаттасуға шақырылды. Конкурстық комиссияның ұйғарымы бойынша Конкурсқа түскендердің құжаттары, жұмыстары тексеріліп қабылданды.
Оқырмандар конференциясы. Танакөз поэмасы.
16
ноябрь
2023
Оқырмандар конференциясы. Танакөз поэмасы.
    М.Мақатаев атындағы № 140 гимназияның 8 «Е» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Нұрсұлу Амангелдіқызының жетекшілігімен «Оқуға құштар мектеп» жоба аясында оқырмандар конференциясы өтті. Таңдалған шығарма— “Танакөз” поэмасы. Бұл шығарма оқушыларға жаз айында оқуға берілген. Оның авторы — Мұхтар Шаханов. Поэма достыққа деген адалдықтың биік үлгісін көрсетеді. Ақын замандас өмірін әр қырынан суреттеп, кейіпкерлерінің болмысынан ұрпаққа өнеге болар ой түзейді. Поэма адамдардың тағдыры, мінезі,