Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
апрель
2024

Апат айтып келмейді...

 Бала күнімізде ата-әжелеріміздің «табиғат апатынан, тосынннан келген кесапаттан сақта» деген сөздерінің мән-мағынасын, қазір, түсінген жасқа жеттік. Президентіміз Қ.К. Тоқаев еліміздің жер-жерінде болып жатқан төтенше жағдайды шешуде дұрыс шешім қабылдады. Мемлекет үшін бастысы- адам өмірінің қауіпсіздігі. Зардап шеккендерге психологиялық, медициналық, материалдық көмек мемлекет тарапынан көрсетілуде. Халықтың бірлігі, қоғамның ынтымағы, рухымыздың беріктігі сыналатын сәт бұл.    Алматы қаласындағы №140 гимназияның ұстаздар ұжымы еліміздің басына туған сын сағатта, елмен бірге екендіктеріне үн қосты. Теңізге тамған тамшыдай болса да, өздерінің 2 күндік еңбекақыларын көмекке аударуды бірауыздан қолдады.

Су жайлады елдің ішін бір демде,
Тілсіз жаулар жүреді әркез іргеңде.
Қазақ елім, мұң-қайқыға берілме
Сүрінбедік бұдан жаман күндерді.

Бұл өмірден таба алармыз жақұтты,
Ең бастысы бағалайық уақытты. 
Жерімізге енді апат келмесін, 
Қазақ елі ғұмыр кешсін бақытты!

Мамандар су тасқынының түрлі себептерін айтады

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: