Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Последние публикации на сайте » Страница 109
«Отбасы – бақыт мекені»
15
май
2021
«Отбасы – бақыт мекені»
   М.Мақатаев атындағы № 140 гимназияда, 15-мамыр Халықаралық отбасы күніне орай 5-7 сыныптар арасында, «Отбасы – бақыт мекені» атты викториналық ойын сабақтары өткізілді. Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны. Болашақ ұрпақтың - еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасатыны сөзсіз. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші, білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады.  Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы десек, осы орайда
Олжас Сүлейменовтің туғанына 85 жыл
14
май
2021
Олжас Сүлейменовтің туғанына 85 жыл
   Ақын, Қазақстанның халық жазушысы, лингвист-зерттеуші, түрколог, танымал саясатшы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің туғанына 85 жыл толуына орай Медеу ауданы, №28 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен халықаралық "Жүректе маған орын бар" атты онлайн байқау өтті.  Республиканың түкпір-түкпірінен бағын сынаған шәкірттердің арасында гимназиямыздың шәкірттері де бағын сынады. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпардың арасынан суырылып шыққан шәкірттеріміз жүлделі 3 орынға ие болды.
“Отбасы - ұлттың тірегі”
14
май
2021
“Отбасы - ұлттың тірегі”
    Адамға өмірде ең қымбаты – отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады.  15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай, гимназиямызда, “Отбасы - ұлттың тірегі” тақырыбында, 8-10 сыныптар арасында тәрбие сағаттары өткізілді.  Халқымыздың мақал - мәтелдерінен, даналық сөздерінен де ата-ананың қадір –қасиеті туралы айтылған асыл сөздерді таба аламыз. «Алты аға бірігіп - әке болмас,  Жеті жеңге бірігіп - ана болмас»,- деген сөзде де терең ой жатыр.
«Алматы бала фест» талантты балалар фестивалі
11
май
2021
«Алматы бала фест» талантты балалар фестивалі
    Алматы телеарнасының ұйымдастыруымен, «Алматы бала фест» талантты балалар фестиваліне қатысып, ерекше дарынымен талайды тамсандырған М.Мақатаев атындағы №140 гимназиямыздың өнерлі шәкірті, Лим Ариананы шығармашылық өміріндегі жаңа белесімен құттықтай отырып, таланты мен талабының ұштала беруін тілейміз. Өнері мен өнегесі үшін, гимназия ұжымы мен шәкірттері атынан алғысымызды білдіреміз.
ІІ Республикалық «Жас полиглот» олимпиадасы
11
май
2021
ІІ Республикалық «Жас полиглот» олимпиадасы
   "Үштілділік - жаңғыруға бағыт алудың бастамасы, білім берудің ұлттық моделі" екені сөзсіз. Осы орайда,  «Дарын онлайн» білім беру платформасында үш тілділікті насихаттау мақсатында ұйымдастырылған ІІ Республикалық «Жас полиглот» олимпиадасында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталған, гимназиямыздың алғыр шәкірттері: Аида Алдаберген, Камила Бағдат, Меруерт Шарипбекова, Ерсұлтан Нұржанов, Дильназ Какимді, жеңістерімен құттықтаймыз.
Гимназия шәкірттерінің челленджі
10
май
2021
Гимназия шәкірттерінің челленджі
    Қан майданда қаза тапқан, батыр бабаларының рухына тағзым етіп, ерліктерін ұлықтау мақсатында, гимназиямыздың шәкірттері челлендж ұйымдастырған болатын. Соғыс жылдары көрсеткен ерліктері мен есімдерін тілге тиек етіп, игі бастаманың ұйытқысы болды.
Гимназия шәкірттерінің челленджі
09
май
2021
Гимназия шәкірттерінің челленджі
    Қан майданда қаза тапқан, батыр бабаларының рухына тағзым етіп, ерліктерін ұлықтау мақсатында, гимназиямыздың шәкірттері челлендж ұйымдастырған болатын. Соғыс жылдары көрсеткен ерліктері мен есімдерін тілге тиек етіп, игі бастаманың ұйытқысы болды.
«Бейбіт күн жасасын әлемде»
08
май
2021
«Бейбіт күн жасасын әлемде»
   Жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ешқашан ұмытылмайды. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу. Осы мақсатта, М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда «Бейбіт күн жасасын әлемде» тақырыбында, 1-10 сыныптар арасында мәнерлеп оқу челленджі өтті. Оқушылар Жеңіс күнін ұлықтап өлендерін паш етті.