14
май
2021
Олжас Сүлейменовтің туғанына 85 жыл
Ақын, Қазақстанның халық жазушысы, лингвист-зерттеуші, түрколог, танымал саясатшы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің туғанына 85 жыл толуына орай Медеу ауданы, №28 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен халықаралық "Жүректе маған орын бар" атты онлайн байқау өтті. Республиканың түкпір-түкпірінен бағын сынаған шәкірттердің арасында гимназиямыздың шәкірттері де бағын сынады. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпардың арасынан суырылып шыққан шәкірттеріміз жүлделі 3 орынға ие болды. Білімді де, білікті шәкірттеріміз көп болсын!