Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Біз болашаққа жауаптымыз”
29
апрель
2021
“Біз болашаққа жауаптымыз”
   29.04.2021ж. күні, 5-10 сыныптар арасында “Біз болашаққа жауаптымыз” атты экологиялық білім беру апталығының аясында, "Жер ана тынысы" тақырыбында оқушылардың мақалалары мен рефераттары көрмесі өтті. Үздік деп танылған 10-ға жуық оқушының жұмысы конференция барысында қорғалып, тақырап аясында ой өрбітілді.
"Абайдың асыл мұрасы" байқауы
28
апрель
2021
"Абайдың асыл мұрасы" байқауы
   Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен өткен қалалық "Абайдың асыл мұрасы" байқауында "Абай өлеңдері"  номинациясы бойынша жүлделі І дәрежелі диплом иегері атанған гимназиямыздың 11-сынып оқушысы Парух Гүлім мен жетекшісі Чайзаданова Гүлсім ұстазымызды жеңістерімен құттықтаймыз!
Хабар агенттігі "ХХІ ғасыр көшбасшысы" зияткерлік бағдарламасы
28
апрель
2021
Хабар агенттігі "ХХІ ғасыр көшбасшысы" зияткерлік бағдарламасы
   Хабар агенттігінің қолдауымен ұйымдастырылған, оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, қабілетін шыңдайтын  "ХХІ ғасыр көшбасшысы" зияткерлік бағдарламасына қатысып, білімі, алғырлығымен көптің көңілінен шыққан гимназиямыздың сегіз қырлы бір сырлы шәкірті - Бейсенғали Айсер Ерболатұлы. Ойы ұшқыр әрі өте зерек шәкірт тәрбиелеп, ел болашағының жарқын болуына орасан зор үлесін қосып жатқан М.Мақатаев атындағы №140 гимназия ұжымы мен басшысы Тілеубай Сәния Өскенбайқызы, бағдарлама ұйымдастырушыларының
І Халықаралық вокалды-хор өнері
28
апрель
2021
І Халықаралық вокалды-хор өнері
   Нұр-Сұлтан қаласы, Мәдениет басқармасының қолдауымен, І Халықаралық вокалды-хор өнері бойынша ұйымдастырылған "Астана старс" байқауында, гимназиямыздың талантты оқушысы - Еркімбекұлы Ескендір, гран при иегері атанды. Гимназия мақтанышы мен жетекшісі, Ибраева Арайлым Нұрланқызына алғысымызды білдіре отырып, жеңістерімен құттықтаймыз.
"Атамұра" интеллектуалды білім порталы
28
апрель
2021
"Атамұра" интеллектуалды білім порталы
   Атамұра" интеллектуалды білім порталы 1 сәуір мен 22 сәуір аралығында ұйымдастырған Республикалық "Өнерлі өрен" байқауына қатысқан гимназиямыздың шәкірті - Құрманбай Тайыр, жүлделі І орын иеленді. Республикалық қашықтықтан өтетін байқауға балалардың шығармашылық жұмыстарын ұйымдастырып, белсенділік танытқаны үшін ардақты ұстазымыз Сатымбаева Ләйлә, Атамұра білім порталының арнайы Алғыс Хатымен марапатталды.
«Ағаш жапырағымен, жер топырағымен көрікті»
27
апрель
2021
«Ағаш жапырағымен, жер топырағымен көрікті»
   «Ағаш жапырағымен, жер топырағымен көрікті» дейді халқымыз. Табиғат көркейіп, желегі жасыл тартса, адамның да тынысы кеңейіп, көңілі көтерілері анық. Адамның тағдыры табиғатқа байланған. Табиғат болмаса, адам өмір сүре алмақ емес. Таза ауасы мен шипалы суы, ну орманы мен асқар тауы жоқ мекеннің қадірі де аз. Осы орайда, қошаған орта, табиғат пкн экологияның маңызын саралап, ұғындыру мақсатында гимназиямызда “Біз болашаққа жауаптымыз” тақырыбында 1-11 сынып аралығында тәрбие сағаттары өтілді.
“Чернобль қасіреті”
26
апрель
2021
“Чернобль қасіреті”
   Адамзатқа орны толмас қасірет әкелген Чернобыль оқиғасына биыл 35 жыл толды. 1986 жылдың сәуір айындағы, Чернобыль апаты әлемді дүр сілкіндірген болатын. Бұл оқиға қаншама адамның тәнінде ғана емес, жүрегінде де жара қалдырғаны сөзсіз еді. Талайдың тағдырын шайқаған “Чернобыль апатын” залалсыздандыруға қатысқан ардагерлеріміздің ерлігін өскелең ұрпаққа ұлықтау, насихаттау, қасіретке айналған алапат жарыстың салдары, тигізген зияны мен зардаптарын түсіндіру мақсатында М.Мақатаев атындағы 140
"Kemel Academy" онлайн-мектебі
25
апрель
2021
"Kemel Academy" онлайн-мектебі
    "Кемел академи" онлайн-мектебі ұйымдастырған "Қызықты математика және логика" атты VII-ші Республикалық  онлайн-олимпиадасында жеңімпаз атанып, І дәрежелі дипломмен марапатталған  2-сынып оқушысы  - Спандияр Ақылжан Ғалымжанұлын жеңісімен құттықтай отырып, білім-ғылым жолында қажымас қайрат тілейміз.