Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жазғы мектеп
27
май
2021
Жазғы мектеп
   «26 мамырдан 19 маусымға дейін мектептерде жазғы мектеп ұйымдастырамыз. Жалпы бұл ерікті түрде болады, ол қосымша қаржыландыруды қажет етпейді» – деп, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеме жасаған болатын. Осыған орай, М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда білім берудегі олқылықтың орнын толтыруға, сондай-ақ балалардың бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік беретін жазғы мектеп, өз жұмысын бастады.
«Сақтансаң, сақ боларсың!»
20
май
2021
«Сақтансаң, сақ боларсың!»
    20.05.2021 ж. «Сақтансаң, сақ боларсың!» тақырыбында 1-10 сыныптар аралығында, судағы қауіпсіздік ережелері туралы тәрбие сағаттары өткізілді. Балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелерін, шараларын орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Жазда осындай келеңсіз жағдайлардың орын алмауын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген шаралардан оқушылардың алған тәлімі мол екені сөзсіз. 
Алматы қаласы Білім басқармасының “Алматы дарыны”
18
май
2021
Алматы қаласы Білім басқармасының “Алматы дарыны”
   Алматы қаласы Білім басқармасының “Алматы дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы  ұйымдастырған, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған қалалық “Ұлы дала жыршысы” байқауында үздік өнер көрсеткен гимназиямыздың 9-сынып оқушысы - Жандосұлы Бақдәулет пен 10-сынып оқушысы - Бисен Таңнұрым, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.  
ХІІІ Халықаралық «Ғұмырдария»
18
май
2021
ХІІІ Халықаралық «Ғұмырдария»
   ХІІІ Халықаралық «Ғұмырдария» ән-би, жыр-күй балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауының «Аспапта ойнау» жанры бойынша гимназия шәкіртіміз -Серік Ерзат, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Осы өнер байқауына белсенді түрде қатысып, педагогикалық еңбек жолында өнерпаз шәкірттерге білім мен тәрбие беруде өскелең ұрпақтың бойындағы азаматтық ұстанымын қалыптастырғаны үшін, гимназиямыздың үздік ұстазы Мұқашев Мерген Сатуұлы, «Ғұмырдария» продюсерлік орталығының арнайы дипломымен
Республикалық «Дара Бала» конкурсы
18
май
2021
Республикалық «Дара Бала» конкурсы
   «KazDaryn» зияткерлік орталығының ұйымдастыруымен, ағылшын тілі, математика пәндері бойынша өткен Республикалық «Дара Бала» конкурсында көрсеткен жетістіктері үшін І дәрежелі дипломмен марапатталған гимназиямыздың алғыр шәкірті – Булекбаева Ауриканы, жеңісімен құттықтаймыз.
«Әскери жылдар әуені» халықаралық онлайн байқауы
18
май
2021
«Әскери жылдар әуені» халықаралық онлайн байқауы
   Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасы, Г.Жұбанов атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен өткен, «Әскери жылдар әуені» халықаралық онлайн байқауында, гимназиямыздың талантты шәкірттері үздік өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтар болсақ, 9-12 жас шамасындағы өнерпаздар арасынан топ жарып, оза шапқан шәкіртіміз, Мамбетова Аяна – ГРАН-ПРИ иегері атанды. Серік Санжар - ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталса, Нұрылла Мұхамедқанапия, Абдықалық Айбар, Айтмұхамбетов Дамирден
Олжас Сүлейменовтің туғанына 85 жыл
14
май
2021
Олжас Сүлейменовтің туғанына 85 жыл
   Ақын, Қазақстанның халық жазушысы, лингвист-зерттеуші, түрколог, танымал саясатшы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің туғанына 85 жыл толуына орай Медеу ауданы, №28 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен халықаралық "Жүректе маған орын бар" атты онлайн байқау өтті.  Республиканың түкпір-түкпірінен бағын сынаған шәкірттердің арасында гимназиямыздың шәкірттері де бағын сынады. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпардың арасынан суырылып шыққан шәкірттеріміз жүлделі 3 орынға ие болды.