Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Махаббат және шығармашылық педагогикасы»
31
январь
2022
«Махаббат және шығармашылық педагогикасы»
    М. Мақатаев атындағы №140 гимназияда «Махаббат және шығармашылық педагогикасы» онкүндігіне орай (өзін-өзі тану сабақтарында) 1-11-сыныптар арасында 31.01.22ж. апталықтың ашылуы болып өтті. Ашылу салтанатында оқушыларға онкүндік аясында өтілетін іс-шара атаулары мен уақыттары таныстырылып, мәні мен маңызы баяндалды. Оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді дарыту, өмірдің мәні туралы түсініктерін кеңейту мақсатында ұйымдастырылып жатқан іс-шара өзара келісім мен  өзара түсіністікке
”Мұқағали – поэзия тұлпары” атты іс-шара
28
январь
2022
”Мұқағали – поэзия тұлпары” атты іс-шара
     Биыл ақиық ақын, Тәңіртаудың мұзбалағы, қазақтың қара өлеңінің қасиетін ұғынған – Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы. Осынау мерейтой қарсаңында алып ақын атын арқалаған М.Мақатаев атындағы №140 гимназия «Мұқағали – мәңгілік жыр» тақырыбындағы айлықтың жоспарымен таныстыра отырып, ”Мұқағали – поэзия тұлпары” атты іс-шара аясында айлықтың ашылғанын әрі басталғаны туралы хабарлаймыз.
«Қарбық мұздағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында дәріс
27
январь
2022
«Қарбық мұздағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында дәріс
Төтенше жағдай кезіндегі алғашқы іс әрекет пен көмек көрсету бойынша білімін дамыту, алдын ала сақтық шараларын ұйымдастыруды үйрету мақсатында 25-27.01.2022ж. күні аралығында гимназияның 1-11 сынып оқушыларына «Қарбық мұздағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында дәріс өтілді. Мұз үстіндегі сақтық шараларын ұстану және төтенше жағдай туғанда өзгеге алғашқы көмек бере алу ережелері таныстырылды; қысқы уақыттаға табиғи апаттарға дайын болып, алдын алу әрекеттері түсіндірілді. Жүргізілген дәрістер
Таеквондодан Халықаралық және Республикалық  жасөспірімдер арасындағы сайыс
24
январь
2022
Таеквондодан Халықаралық және Республикалық жасөспірімдер арасындағы
    Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытында спортты серік еткен шәкірттеріміз жетістіктерімен қуантуда. Таеквондодан Халықаралық және Республикалық жарыстарда жоғары дәрежедегі нәтижелерді көрсеткені үшін Мақатаев атындағы 140 гимназияның 5 “Е” сынып оқушысы - Дүйсебай Нұриман “Қара белбеу” иегері атанса, 4 “В” сынып оқушысы - Қайсар Нұрали, 2021 жылдың “Үздік спортшысы” дипломымен марапатталып, “Қара белбеу” иегері атанды.
«Нашақорлыққа берілме, онда болашақтың жолы жоқ!» атты онлайн сабақ
20
январь
2022
«Нашақорлыққа берілме, онда болашақтың жолы жоқ!» атты онлайн сабақ
    Қаңтардың 20-сы М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда 8-сынып оқушыларына нашақорлық, ішімдік, темекі сынды зиянды әдеттердің қауібін сезіндіру әрі алдын-алу мақсатында «Нашақорлыққа берілме, онда болашақтың жолы жоқ!» атты онлайн сабақ өткізілді. Оқушыларға нашақорлық – қауіпті індет екені түсіндіріліп, ішімдік пен темекінің зияны жайында ақпарат берілді. Сабақ соңында оқушылар ұзақ өмір сүрудің сыры неде екенін көрсетіп, салауатты өмір салты туралы өз ойларын ортаға салады.
«Адам құқықтары – Менің құқықтарым» атты онлайн-флешмобы
20
январь
2022
«Адам құқықтары – Менің құқықтарым» атты онлайн-флешмобы
     Адам құқығы – ең жоғары құндылық. Өзінің пікірін ашық білдіріп, қоғамда орнын қалыптастыратындай тұлға болып қалыптасуында құқықтың маңыздылығы жоғары. Осы орайда М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның 8,9-сынып оқушылары Дүниежүзілік адам құқықтары мерекесі қарсаңында «Адам құқықтары – Менің құқықтарым» атты онлайн-флешмобына қатысты. Инстаграмм әлеуметтік желісіне видео жүктеу арқылы оқушылар мен студенттер арасында өткен онлайн-флешмоб тартысқа толы болып өтті. Нүсіпбек Тоғжан, Иемберген
Қазақтың Спорт және туризм академиясында оқушылар арасында гимнастикадан турнир
29
декабрь
2021
Қазақтың Спорт және туризм академиясында оқушылар арасында
     25.12.2021 жылы Алматы қаласында Қазақтың Спорт және туризм академиясында оқушылар арасында спорттық гимнастикадан сайыс ұйымдастырылды. Салауатты өмір салтын ұстанған, гимнастикалық бағдарламаға белсене қатысқан оқушылар арасында гимназиямыздың  1 «Ж» сынып оқушысы Рауанұлы Ердәулет жүлделі І орынмен марапатталды. Шәкіртімізді шын жүректен құттықтай отырып, спорт әлемінде толағай табыстарға жете беруіне тілектеспіз!
Республикалық «Самғау» балалар мен жасөспірімдер арасындағы ән-би, өнер байқауы
28
декабрь
2021
Республикалық «Самғау» балалар мен жасөспірімдер арасындағы ән-би,
     Республикалық «Самғау» балалар мен жасөспірімдер арасындағы ән-би, өнер байқауында «Көркем сөз» жанры бойынша үздік өнер көрсететіп, БАС ЖҮЛДЕНІ иеленгені үшін Жұмабек Қажымұқан марапатталады. Дарынды шәкіртімізді шын жүректен құттықтаймыз. Ұстазы: Бекзат Мұхамедрайымұлы. Жетекшісі: Жанар Әмірбайқызы.