Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Республикалық ғылыми жобалар конкурсы
28
февраль
2022
Республикалық ғылыми жобалар конкурсы
     Дархан даланың хәкім Абайы «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады»-демекші, шәкірттеріміз білім мен ғылымды қатар алып, аудандық, қалалық, республика көлеміндегі ғылыми жұмыс байқауларында бақ сынап жүр. М.Мақатаев атындағы №140 гимназия шәкірттері Дінмұхамед Жігер, Әділетқызы Меруерт, Жасұлан Ерболат - 2022 жылдың 21-25 ақпан күндері Шымкент қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсына қатысты. Физика
Бокстан Республикалық турнир
28
февраль
2022
Бокстан Республикалық турнир
    Шәкірттеріміз 7 «Г» сынып оқушылары Берданов Ералы мен Артықбаев Ислам  республикалық турнирде бокстан II, III орын иегері атанды. Еліміздің көк туын әлемдік аренада желбіретіп, биік тұғырлардан көріне беруін тілейміз! 
«Хамза» спорт клубының республикалық ашық біріншілігі
28
февраль
2022
«Хамза» спорт клубының республикалық ашық біріншілігі
    Ақпан айының 27-жұлдызында дзюдо күресінен «Хамза» спорт клубының республикалық ашық біріншілігі болып өтті. Осы сайысқа гимназиямыздың 6 «А» сынып оқушысы Асылбек Нурали да қатысты. Өзінің жеңіске деген құлшынысының нәтижесін I орынды иемденіп, мықтылығын дәлелдеді. Нуралиді жеңісімен құттықтай отыра, жарқын болашақ тілейміз! 
«Адам болам десеңіз...»
28
февраль
2022
«Адам болам десеңіз...»
      «Адам болам десеңіз...»     Гимназиямызда 28.02 күні 1-11 сынып аралығында «Адам болам десеңіз...» атты тақырыпта  бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Әсіресе бастауыш сынып оқушылары жарыса жырдан шашу шашса, орта буын оқушылары «адамгершілік» туралы мақал-мәтел айтып жарысқа түсті. Ал, жоғарғы сыныптар арасында «жақсы адам болу оңай ма?» атты дебат ұйымдастырылып, жақсы мінезді қалай қалыптастыруға болады деген сұраққа жауап іздеді! Түрлі ситуациялық сұрақтарға жауап беріп, дөңгелек
М.Мақатаевтың туғанына 91 жыл толуына орай үстел теннисінен мектепішілік жарыс
26
февраль
2022
М.Мақатаевтың туғанына 91 жыл толуына орай үстел теннисінен
    26.02.2022 жылы М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның 10-11-сынып оқушылары арасында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 91 жыл толуына орай үстел теннисінен жарыс өтті. Шапшаңдыққа үйрететін аталмыш жарыста І орынды 11 «В», ІІ орынды 10 «А»,  ІІІ орынды 11 «А» сыныптары иеленді. Үздік ойын көрсеткені үшін Құрманғазықызы Анеля, Әлібеков Бекболат, Әділхан Едіге, Серікбек Аят, Ыбырайхан Қайырхан мақтау қағаздарымен марапатталды. Шәкірттеріміздің шыңдала беруіне шын жүректен тілектеспіз.
«Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,  Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...» атты Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған әндер байқауы
23
февраль
2022
«Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...»
   Ақпан айының 23-і күні Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ұйымдастырылған мектепішілік «Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,  Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...» атты Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған әндер байқауы өтті. Байқаудың мақсаты ақиық ақын М.Мақатаевтың сөзіне жазылған әндерді дәріптей отыра, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау. Қатысушылар ақын сөзіне жазылған "Қазағым", "Саржайлау”, “Бақыт деген”, "Құттықтаймын мама туған күніңмен", "Туған өлке", "Ана, сен
«Ұлт болашағы – ұстаз қолында» тақырыбында кездесу
19
февраль
2022
«Ұлт болашағы – ұстаз қолында» тақырыбында кездесу
   М. Мақатаев атындағы №140 гимназияда «Ұлт болашағы – ұстаз қолында» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кеш қонақтары: ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы, Еуразия мен Азия біріншіліктерінің жеңімпазы, Алаштың мақтан тұтар ардақты азаматы – Ардақ Назаров Құттықожаұлы мен ақын, аудармашы – Қалшабек Абай Батырұлы. Руханият аясында ой өрбітіп, тағылымға толы дәріс оқылды. Ұлт ұстазы А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш», М.Жұмабаевтың «Педагогика» кітаптары жан-жақты талданып,
«Мақатаев әлемі» үш тілді (қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі) жас дарындар байқауы
18
февраль
2022
«Мақатаев әлемі» үш тілді (қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі) жас
   18.02.2022 жылы М.Мақатаев атындағы  №140 гимназияның  8-9 – сынып оқушыларының арасында Jetoo.kz орталығының ұйытқы болуымен «Мақатаев әлемі» үш тілді (қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі) жас дарындар байқауы  өтті. «Жеті жұрттың тілін біл, өз тіліңді құрметте» ұстанымымен өткізілген сайыс аясында өлең оқылып, ән айтылып, М.Мақатевтың өмірі мен шығармашылығы бойынша сұрақтар қойылды. Ұйымдастырушылар І орын иегерлеріне Jetoo.kz білім беру орталығында 100%-дық тегін оқу, ІІ орын иегерлеріне
«Ахмет Байтұрсынов – ақын һәм ағартушы» атты балалар сурет байқауы
16
февраль
2022
«Ахмет Байтұрсынов – ақын һәм ағартушы» атты балалар сурет байқауы
   Мемлекет және қоғам қайраткері, түрколог-ғалым, ақын, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық  мерейтойына орай ұйымдастырылған қалалық «Ахмет Байтұрсынов – ақын һәм ағартушы» атты балалар сурет байқауында ІІІ орынды иеленген Дінмұхамед Жігер мен ұстазы Қапшаев Қайнарды марапаттарымен құттықтаймыз.