Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Үздік спортшы
16
январь
2023
Үздік спортшы
6 "Е" сынып оқушысы Дуйсенбай Нуриман 200 спортшының ішінен жақсы нәтиже көрсетіп, 2022 жылдың "Үздік спортшы" атанды. Өз ісіне деген  сүйіспеншілігі мен кәсіби шеберлігі арқасында керемет нәтижеге қол жеткізген шәкіртімізді шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгідей мерейлі сәтте еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беруін тілейміз!
Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің жүлдегері
13
январь
2023
Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің жүлдегері
5 "Г" сынып оқушысы Ерімбет Данышпан жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің III орын жүлдегері атанды. Құттықтаймыз! Шәкіртіміздің биік белестерді бағындырып, білім шыңына жетуіне тілектеспіз!
Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің жүлдегері
10
январь
2023
Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің жүлдегері
5 "Е" сынып оқушысы Рысдаулетқызы Балауса жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің III орын жүлдегері атанды. Құттықтаймыз! Көздеген мұрат - мақсаттарына қол жеткізіп, армандарыңың орындалуына тілектеспіз. Шәкіртіміздің келешегі кемел, болашағы нұрлы болсын! 
Жылдың үздік спортшысы
28
декабрь
2022
Жылдың үздік спортшысы
7 "А" сынып оқушысы Асылбек Нұрәли АЛАШ клубының “Жылдың үздік спортшысы” Алғыс хатымен марапатталды. Құттықтаймыз! Биік белестерді бағындыра бер!
Халықаралық «Пони – ұлы Тілтану елінде» онлайн байқау
02
апрель
2022
Халықаралық «Пони – ұлы Тілтану елінде» онлайн байқау
    Халықаралық «Пони – ұлы Тілтану елінде» онлайн байқау бойынша жүлделі І орынды Спандияр Ақылжан жеңіп алды. Ақылжанға оқуда озат, өмірде жеңімпаз бол дегіміз келеді.
"Хамза" спорт клубының ашық біріншілігі
20
сентябрь
2021
"Хамза" спорт клубының ашық біріншілігі
   Дзюдо күресінен кіші жасөспірімдер арасында "Хамза" спорт клубының ашық біріншілігі өтті. Бұл дзюдо күресі майданынанда шәкіртіміз Асылбек Нұрали 42 кг салмақта бағын сынап 1 орында жеңіп алды. Шәкіртіміздің бағындырар белесі көп болсын! Сәттілік!
Бостандық ауданына қарасты мектеп оқушылары арасында пікірсайыс
20
сентябрь
2021
Бостандық ауданына қарасты мектеп оқушылары арасында пікірсайыс
      Қыркүйек айының 18-жұлдызында Бостандық ауданына қарасты мектеп оқушылары  арасында пікірсайыс ойындары болып өтті. Пікірсайыс қазақ және орыс лигасында ұйымдастырылды. Пікірсайыста біздің  гимназия оқушылары да бақ сынады.  Іріктеу төмендегідей қарарлардан тұрды.  1.БП карантиндік тәртіпті сақтауда ең озық тәжірибе көрсеткен елді көрсетеді 2.БП колледждерді жабу керек деп есептейді. Гимназиямыздың оқушылары іріктеуден сүренбей өтіп, финалдық кезеңге жолдама алды.        Финалдық кезең
Гимнастикадан турнир
17
июнь
2021
Гимнастикадан турнир
Шәкірттеріміз жеңіс тұғырынан көрінді
Алматы қаласы Білім басқармасының “Алматы дарыны”
18
май
2021
Алматы қаласы Білім басқармасының “Алматы дарыны”
   Алматы қаласы Білім басқармасының “Алматы дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы  ұйымдастырған, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған қалалық “Ұлы дала жыршысы” байқауында үздік өнер көрсеткен гимназиямыздың 9-сынып оқушысы - Жандосұлы Бақдәулет пен 10-сынып оқушысы - Бисен Таңнұрым, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.  
ХІІІ Халықаралық «Ғұмырдария»
18
май
2021
ХІІІ Халықаралық «Ғұмырдария»
   ХІІІ Халықаралық «Ғұмырдария» ән-би, жыр-күй балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауының «Аспапта ойнау» жанры бойынша гимназия шәкіртіміз -Серік Ерзат, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Осы өнер байқауына белсенді түрде қатысып, педагогикалық еңбек жолында өнерпаз шәкірттерге білім мен тәрбие беруде өскелең ұрпақтың бойындағы азаматтық ұстанымын қалыптастырғаны үшін, гимназиямыздың үздік ұстазы Мұқашев Мерген Сатуұлы, «Ғұмырдария» продюсерлік орталығының арнайы дипломымен