Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Тойжарыс-Талант»
05
май
2021
«Тойжарыс-Талант»
    Исі қазақтың рухани досы, сырласына айналған қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Тойжарыс-Талант» ұйымдастырған «Қарлығашым, келдің бе?» ІІ Республикалық аламанда топ бойы оза шауып бас бәйгені қоржынына гимназиямыздың шәкірттері: Қадылбек Мейіржан, Абатбай Мақсат қанжығаласа, Бауыржан Ерасыл мен Бейсенбай Санжар, Амангелді Ерсұлтан, Сәрсенбек Жания – жүлделі І дәрежелі диплом иегері атанды. Ал, Ерланұлы Нұрсұлтан ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Қазақ
«Үздік педагог – 2021»
04
май
2021
«Үздік педагог – 2021»
    Гимназияның дарынды ұстазы Дәурен Наурызбайұлы - білім саласындағы көлеңкелі деген тұстарын көре білетін әрі күрмеуі қиын өзекті мәселелердің шешімін табуға үнемі талпынып жүретін дарынды жастардың бірі. Нағыз кәсіби педагогтарға тән әрекет ете білетін ойы терең, мәдениеті жоғары, ниеті адал, оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық бағытта жұмыс жасай білетін, өзіндік «мені» қалыптасқан дара тұлға, жақында өткен аудандық «Үздік педагог – 2021» байқауында, жоғарғы деңгейдегі кәсіби шеберлігін
Назар аударыңыздар!!!
30
апрель
2021
Назар аударыңыздар!!!
    Назар аударыңыздар!!!     М.Мақатаев атындағы №140 гимназия «Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым» гранты конкурсының аудандық кезеңінде «Бас жүлдені» иемденіп,  қалалық байқауға жолдама алды.       Үздіктер додасында жоғары көрсеткіштерінің нәтижесінде «Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым» атансын деген тілек білдіреміз! 
"Атамұра" интеллектуалды білім порталы
28
апрель
2021
"Атамұра" интеллектуалды білім порталы
   Атамұра" интеллектуалды білім порталы 1 сәуір мен 22 сәуір аралығында ұйымдастырған Республикалық "Өнерлі өрен" байқауына қатысқан гимназиямыздың шәкірті - Құрманбай Тайыр, жүлделі І орын иеленді. Республикалық қашықтықтан өтетін байқауға балалардың шығармашылық жұмыстарын ұйымдастырып, белсенділік танытқаны үшін ардақты ұстазымыз Сатымбаева Ләйлә, Атамұра білім порталының арнайы Алғыс Хатымен марапатталды.
Алматы қаласы Білім басқармасының "Құрмет грамотасы"
28
апрель
2021
Алматы қаласы Білім басқармасының "Құрмет грамотасы"
   Пандемияға байланысты қашықтан оқыту кезінде оқушыларға республика деңгейінде телесабақтар өткізуге үлес қосып, белсене атсалысқаны және шығармашылық ізденісі үшін М.Мақатаев атындағы №140 гимназиямыздың аяулы ұстаздары: Шыных Жаналған мен Сатымбаева Лайла Умурзаковна Алматы қаласы Білім басқармасының "Құрмет грамотасымен" марапатталды.
"Ұстаз жолы" ғылыми-әдістемелік орталығы
25
апрель
2021
"Ұстаз жолы" ғылыми-әдістемелік орталығы
   "Ұстаз жолы" ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған "Ғарыш әлемі" атты І Республикалық онлайн байқауында "Қол өнері" номинациясы бойынша жүлделі І дәрежелі диплом иегері атанған, гимназиямыздың сегіз қырлы бір сырлы шәкірті - Калимулла Бейбарыс Ердосұлын марапатымен құттықтай отырып, байқауға белсене қатысып, жоғары нәтиже көрсетуіне  атсалысқан ұстазы - Темирова Нурсулу Амангельдиновнаға алғысымызды білдіреміз.
Республикалық Sabaq.kz сайты
15
апрель
2021
Республикалық Sabaq.kz сайты
    Республикалық Sabaq.kz  ұстаздарға арналған танымдық-әдістемелік сайты өткізген Математика пәнінен оқушылар арасында қашықтық олимпиадасында М.Мақатаев атындағы №140 гимназиямыздың шәкірті - Донаев Абылай Санатович, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
ІІ Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасы
15
апрель
2021
ІІ Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасы
    Дарын онлайн білім беру платформасы мен Қазтест олимпиада сайты бірлесіп педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырған ІІ Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасында М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның ұлағатты ұстазы Ляззат Сыздыкова ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Таңғы Хабар» бағдарласы
15
апрель
2021
«Таңғы Хабар» бағдарласы
     Шәкірт жүрегінен орын алған Ұстаз бақытты!Ұядан ұшып, кетіп жатқан ӘР шәкірттің ойында, өмірінде мектеп өмірі, мұғалім келбетінің қалары сөзсіз .. Алайда, ыстық ықыласын арнайтын шәкірттер некен - саяқ болып жатады. М.Мақатаев атындағы №140 гимназиямыздың түлегі Алихан Байсултановтың Хабар телеарнасындағы «Таңғы Хабар» бағдарласында берген жүрекжарды сұхбаты, жылтыраған бұлақтың көзін ашып, дарияға айналуына себепші болған ұстаздарының көңіліне қуаныш ұялатқаны сөзсіз. Бұл гимназиямыздың
Халықаралық “Antalya International Cup”  турнирі
07
апрель
2021
Халықаралық “Antalya International Cup” турнирі
        Гимназия оқушылары халықаралық турнир жеңімпаздары атанды. Сәуір айының 1-5жұлдызы аралығында Түркия елінде футболдан Халықаралық “Antalya International Cup”  турнирі болып өтті. Турнирге әлемнің түкпір-түкпірінен командалар келіп, өз бақтарын сынады. Солардың қатарында біздің елдің, біздің мектептің оқушылары да бой көрсетті. Мектебіміздің 5 «Б» сынып оқушысы Мұхтархан Алинұр (2010ж) мен   3 «Ә» сынып оқушысы Мұхтархан Абылай (2010ж) қатысты.  Мектебіміздің оқушылары Сирия, Түркия,