Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Темекі тәнді зақымдайды, ақыл-ойды кемітеді
18
апрель
2023
Темекі тәнді зақымдайды, ақыл-ойды кемітеді
"Темекі тәнді зақымдайды, ақыл-ойды кемітеді" тақырыбында сынып сағаты өтті. Таемекінің адам денсаулығына зияны, кері әсері жайлы айтылды. Оқушылар өз ойларын оратға салып, тақырыпты жан-жақты талқылады.
Ата-аналар жиналысы
06
март
2023
Ата-аналар жиналысы
06 наурыз күні мектебіміздің мәжіліс залында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста интернеттегі, әлеуметтік желілердегі киберқауіпсіздік жайлы айтылып, балаларды электронды темекі, синтетикалық заттардан аулақ болуға үйрету керек екендігі ескертілді. Мектеп инспекторы Әйгерім Маратқызы әлеуметтік желіде қауіпсіздік сақтау керек екендігін айтып, қандай топтар бар екені, балалардың ұялы телефонын тексеріп, бақылауда ұстау керек деп ескертіп айтты. 
Қыздарға әсемдік жарасады
01
март
2023
Қыздарға әсемдік жарасады
7-8 сынып оқушыларының арасында "Қыздарға әсемдік жарасады" атты қыз сыны байқауы өтті. Қыздар өздерін таныстырып, өнерлерін ортаға салып, салт-дәстүр, танымал тұлғалар бойынша сұрақтарға жауап берді. Әдемі киімдерімен, тамаша өнерлерімен көзге түскен қызғалдақ қыздарымыз көктемнің алғашқы күнінде мектебімізге сәуле нұрын шашқандай болды. 
"Баршаның назарына!" дабылы
01
март
2023
"Баршаның назарына!" дабылы
1 наурыз - Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күнінде Қазақстан Республикасы бойынша дабыл іске қосылып, құтқару қызметі ескерту жүйесін тексерді. Осыған орай мектебімізде үлгілік оқу-жаттығулар өткізілді. Сиреналар мен дауыс-зорайтқыш құрылғылары іске қосылып "Баршаның назарына!" дабылы берілді.
Ұлттық ойындарымызды дәріптеу
01
март
2023
Ұлттық ойындарымызды дәріптеу
Мектебімізде 1"Ж" сыныбында Алматы қаласы "Тоғызқұмалақ" қауымдастығының бапкері Самат Қасымбеков, халықаралық спорт шебері Айтбаев Рахат ағайларымыздың қатысуымен ұлттық ойындарымыз тоғызқұмалақ, асық ойындарының таныстырылымы өтті. Ойын атауы, шығу тарихы, ойын ережесі жайлы толық ақпарат алған оқушылардың ұлттық ойынға деген қызығушылықтары жоғары болды.Сынып жетекшісі Ләйлә Өмірзаққызы. ЖАРАЙСЫЗДАР !!!
1 наурыз - Алғыс айту күні
01
март
2023
1 наурыз - Алғыс айту күні
1 наурыз - Алғыс күніне орай мектебімізде "Алғысым шексіз" акциясы өтті. Оқушылар өздерінің достарына, ұстаздарына алғыстарын жеткізді. Көктемнің алғашқы күніне орай, келе жатқан Наруыз мерекесіне орай оқушыларымыз ұлттық құндылықтарды, ұлттық киімімізді дәріптеу мақсатында мектеп формасын сақтай отырып ұлттық нақыштағы киімдер киіп келді.
Ән байқауы
13
февраль
2023
Ән байқауы
13.02.2023 5-11 сынып оқушылары, ата-аналары арасында Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған әндер байқауы өтті. Байқауға ата-аналардан бөлек, сынып жетекшілері де қатысып, бақ сынады. Әкелер, аналар, ата-әжелер ән салған бұл кеш өте қызықты өтті. Қатысушылар "Үздік әнші", "Үздік жұп", "Үздік орындаушы", "Үздік әуен" номинацияларын иеленді. 
Ата-аналар тәрбиесі жайлы әкелер жиналысы
11
февраль
2023
Ата-аналар тәрбиесі жайлы әкелер жиналысы
10.02.2023 жылы бастауыш сынып мұғалімі Айкүміс Сайлауханқызы сыныбында әр әкеге жеке шақырту жіберіп ӘКЕЛЕР ЖИНАЛЫСЫН өткізді. "Галереяға саяхат" тренингін өткізіп, "Менің отбасым" тақырыбында салған балалардың суреттеріне саяхат жасап, әкелер өз баласының салған суреттерін табуға тырысты. 7 әке ғана дәл тапты. 7 әкеден Отбасы мен әкенің ортасындағы көрінбейтін, үзілмейтін байланыс бары анықталды. Жиналысқа 26 оқушының әкелері, екеуінің ағасы келді. Мазмұнды, ерекше жиналыс болды. Ардақ
Ата-аналар Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған әндерді орындап шықты
10
февраль
2023
Ата-аналар Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған әндерді орындап шықты
Бүгін мектебімізде ата-аналар арасында "Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған..." атты   Мұқағали өлеңдеріне жазылған әндердің байқауы өтті.  Сегіз қырлы, бір сырлы ата-аналарымыз бар өнерлерін ортаға салып, қошеметке ие болды. Қатысушылар байқауға әдемі әсер сыйлап, өзгеше тебіреніс енгізді. Осылайша күні бойы мектебімізді ән тербетіп, ақынның рухы туған дала төсінде асқақатап тұрғандай әсер қалдырды.
"Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған"
09
февраль
2023
"Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған"
Құрметті ата-аналар! Сіздерді "Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған" атты ата-аналар арасында өтетін ән байқауының қадірлі қонағы болуға шақырамыз!