Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жас педагогтар арасындағы халықаралық "Умный урок - формирование функциональный грамотности школьника" атты байқау
30
май
2022
Жас педагогтар арасындағы халықаралық "Умный урок - формирование
       Жас педагогтар арасындағы халықаралық "Умный урок - формирование функциональный грамотности школьника" атты байқауда орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алибаева сымбат Спандиярқызын ІІ дәрежелі дипломымен құттықтаймыз! Білімді де білікті маманымыздың болашағынан зор үміт күтеміз. Абыройыңыз асқақ, мерейіңіз үстем болсын. Бағындырар белесіңіз таусылмасын! Шығармашылығыңыз шыңдала берсін.
"Елбасы Медалі" жобасы
28
май
2022
"Елбасы Медалі" жобасы
      "Нұрсұлтан Назарбаев қорының" ұйымдастыруымен өткен "Елбасы Медалі" жобасында гимназия ұстазы Алибаева Сымбат Спандиярқызы қола медаль иегері атанды. Марапатыңыз құтты болсын! Шығармашылық  шабытыңыз шыңдала берсін. Биіктерден көріне беріңіз!
Барлық мемлекеттік емтихан тапсырушы шәкірттерімізге сәттілік тілейміз!
27
май
2022
Барлық мемлекеттік емтихан тапсырушы шәкірттерімізге сәттілік
      2021-2022 оқу жылдарына арналған 9 және 11-сыныптар арасында мемлекеттік емтихан тапсыру жұмыстары басталып кетті. 27 мамырдан басталған емтихан өз деңгейінде өтуде. Барлық талаптар мен ережелерді сақтай отырып жүргізіліп жатқан мемлекеттік бақылау жұмыстары -  жыл бойы жинаған білімнің көрсеткіші. Барлық мемлекеттік емтихан тапсырушы шәкірттерімізге сәттілік тілейміз!
«Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» тақырыбында челлендж
15
май
2022
«Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» тақырыбында челлендж
     15 мамыр бүкіләлемдік отбасы күніне орай М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» тақырыбында челлендж ұйымдастырылды. “Ұлы жол – отбасы табалдырығынан басталады” – демекші, әр адамның өміріндегі ең маңызды құндылықтардың бірі – отбасы екені сөзсіз. «Біздің қоғамда отбасы әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, түрлі буындар арасын жалғастырушы болды және солай болып қала бермек. Отбасы күні біздің қоғамымызда руханилықты, өнегелілікті
Республикалық "Өрлеу" педагогикалық шеберлікті дамыту орталығы
03
май
2022
Республикалық "Өрлеу" педагогикалық шеберлікті дамыту орталығы
      Республикалық "Өрлеу" педагогикалық шеберлікті дамыту орталығы ұйымдастыруымен және "MediaBilim" Республикалық журналының ақпараттық қолдауымен өткізілген "Үздік педагог - 2022" атты байқауда "Үздік ашық сабағы" номинациясы бойынша үздік деп танылып, І дәрежелі дипломмен марапатталған Жақыпбекова Айгүл Елжасқызын құттықтаймыз! Шығармашылығыңыз шыңдала берсін! Жетістігіңіз көбейе берсін!
“Географиялық білім берудегі озық ой және заманауи көзқарас” тақырыбында Оңтүстік Қазақстан облысында география пәні мұғалімдерінің сьезі өтті
11
апрель
2022
“Географиялық білім берудегі озық ой және заманауи көзқарас”
    “Географиялық білім берудегі озық ой және заманауи көзқарас” тақырыбында Оңтүстік Қазақстан облысында география пәні мұғалімдерінің сьезі өтті. Сьезге мектебіміздің ұстазы  Қарғабаева Ләззат Төлеуқызы қатысты. Республиканың түкпір-түкпірінен жиналған ұстаздармен бір мақсатта ой өрбітіп, өз тәжірибелерін ортаға салды. Жобасын қорғап, жол салған ұстазымызға шығармашылық табыс тілейміз.
«Біз таза қала үшін» тақырыбында сенбілік
09
апрель
2022
«Біз таза қала үшін» тақырыбында сенбілік
    Сәуірдің 9-ы күні мектебімізде «Біз таза қала үшін» тақырыбында сенбілік өтті. Мектеп ұжымы толық мектеп ауласына шығып, тазарту жұмыстарымен айналысты. Ағаштар әктеліп, гүлдер егіліп, жасылдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілді.
ҚР Білім және ғылым министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы
02
апрель
2022
ҚР Білім және ғылым министрлігі Республикалық қосымша білім беру
     Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы гимназиямыздың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жарылқапов Бақтияр Үсенұлын мұғалімдер күнімен құттықтап, алғыс хат жариялап, өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі еңбегі, жасампаздығы, күш-қуаты, шығармашылық көзқарасы үшін алғыс білдірді. Ағайымызға шығармашылық табыс тілейміз!