Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Махаббат және шығармашылық педагогикасы»
31
январь
2022
«Махаббат және шығармашылық педагогикасы»
    М. Мақатаев атындағы №140 гимназияда «Махаббат және шығармашылық педагогикасы» онкүндігіне орай (өзін-өзі тану сабақтарында) 1-11-сыныптар арасында 31.01.22ж. апталықтың ашылуы болып өтті. Ашылу салтанатында оқушыларға онкүндік аясында өтілетін іс-шара атаулары мен уақыттары таныстырылып, мәні мен маңызы баяндалды. Оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді дарыту, өмірдің мәні туралы түсініктерін кеңейту мақсатында ұйымдастырылып жатқан іс-шара өзара келісім мен  өзара түсіністікке
”Мұқағали – поэзия тұлпары” атты іс-шара
28
январь
2022
”Мұқағали – поэзия тұлпары” атты іс-шара
     Биыл ақиық ақын, Тәңіртаудың мұзбалағы, қазақтың қара өлеңінің қасиетін ұғынған – Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы. Осынау мерейтой қарсаңында алып ақын атын арқалаған М.Мақатаев атындағы №140 гимназия «Мұқағали – мәңгілік жыр» тақырыбындағы айлықтың жоспарымен таныстыра отырып, ”Мұқағали – поэзия тұлпары” атты іс-шара аясында айлықтың ашылғанын әрі басталғаны туралы хабарлаймыз.
«Нашақорлыққа берілме, онда болашақтың жолы жоқ!» атты онлайн сабақ
20
январь
2022
«Нашақорлыққа берілме, онда болашақтың жолы жоқ!» атты онлайн сабақ
    Қаңтардың 20-сы М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда 8-сынып оқушыларына нашақорлық, ішімдік, темекі сынды зиянды әдеттердің қауібін сезіндіру әрі алдын-алу мақсатында «Нашақорлыққа берілме, онда болашақтың жолы жоқ!» атты онлайн сабақ өткізілді. Оқушыларға нашақорлық – қауіпті індет екені түсіндіріліп, ішімдік пен темекінің зияны жайында ақпарат берілді. Сабақ соңында оқушылар ұзақ өмір сүрудің сыры неде екенін көрсетіп, салауатты өмір салты туралы өз ойларын ортаға салады.
«Адам құқықтары – Менің құқықтарым» атты онлайн-флешмобы
20
январь
2022
«Адам құқықтары – Менің құқықтарым» атты онлайн-флешмобы
     Адам құқығы – ең жоғары құндылық. Өзінің пікірін ашық білдіріп, қоғамда орнын қалыптастыратындай тұлға болып қалыптасуында құқықтың маңыздылығы жоғары. Осы орайда М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның 8,9-сынып оқушылары Дүниежүзілік адам құқықтары мерекесі қарсаңында «Адам құқықтары – Менің құқықтарым» атты онлайн-флешмобына қатысты. Инстаграмм әлеуметтік желісіне видео жүктеу арқылы оқушылар мен студенттер арасында өткен онлайн-флешмоб тартысқа толы болып өтті. Нүсіпбек Тоғжан, Иемберген
«Жыр алыбы – Жамбыл Жабаев» атты сынып сағаты
18
январь
2022
«Жыр алыбы – Жамбыл Жабаев» атты сынып сағаты
     Қантардың он сегізі М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда бастауыш сынып оқушыларына өлең сөздің дүлділі, ақындық өнердің жарық жұлдызы Жамбыл  Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Жыр алыбы – Жамбыл Жабаев» атты сынып сағаттары өткізілді. Оқушылар Жамбылдың жырынан шашу шашып, өнегелі өмірінен тың деректермен бөлісіп, қазақ әдебиетіндегі алатын орнына талдау жұмыстарын жасады. Сонымен қатар оқушыларымыз  өзге ақын-жазушылардың жыр алыбының шығармашылығына берген
Волейболдан мектепаралық-жолдастық кездесу
28
декабрь
2021
Волейболдан мектепаралық-жолдастық кездесу
 25.12.2021 жылы 140 гимназияда волейболдан мектепаралық-жолдастық ойын өтті. Гимназиямыздың шәкірттері №38 мектеп оқушыларымен ойнап, жеңіске жетті. Оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз. Ұйымдастыру алқасының жетекшісі – Ержан Сәрсенқожаұлына ерекше алғыс білдіреміз. 
«Түлекке - тілек, жүрекке гүл ек» атты мерекелік іс-шара
28
декабрь
2021
«Түлекке - тілек, жүрекке гүл ек» атты мерекелік іс-шара
«Түлекке - тілек, жүрекке гүл ек» атты мерекелік іс-шара 2021 жылдың 28 желтоқсан күні гимназияның  Мәжіліс  залында мектеп бітіруші  түлектерге  арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Мектебіміздің жылдағы үрдісіне орай бұл іс-шараны  жас түлектердің ізбасарлары, 10-сынып оқушылары ұйымдастырды. Биыл мектебімізді төрт 11-сынып бітіргелі тұр. Оларды шабыттандыру, жігерлендіру мақсатында   11 «В» сыныбы «Жігер» премиясымен, 11 «Б» сыныбы «Талап» премиясымен,                 11 «А» сыныбы 
«Әрбір бала – бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер» атты ұран бойынша өтілді
24
декабрь
2021
«Әрбір бала – бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер» атты ұран бойынша
     М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда өтілетін дәстүрлі іс-шараның бірі «Әрбір бала – бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер» атты ұран бойынша өтіледі. Биылғы оқу жылының ІІ тоқсанында аудандық, қалалық, республикалық түрлі байқау мен жарыстарға қатысып, жүлделі орынмен марапатталған шәкірттеріміз өте көп. Аталмыш шара 24.12.2021 жылы мәжіліс залында өтілді. Осындай дарында да талапты шәкірттерге және ата-аналарына гимназиямыз ерекше алғысын білдіреді.  «Әрбір бала – бір жұлдыз» атты іс-шарада