Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
04
ноябрь
2022
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
     Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы ұйымының ұйымдастыруымен өткен «Ұлт мақтанышына айналған Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева - қазақ мектептерінде әдебиетті оқытудың әдістемесі мен жаңа технологиясын қалыптастырған әдіскер - ұстаз» атты өңіраралық педагогикалық оқуда «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда қолданылатын инновациялық әдістер қоры: тәжірибе, сараптама, нәтиже» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөліскені үшін алғыс хатпен марапатталған әріптесіміз
Бос лауазымға тағайындау конкурсы комиссиясы отырысының шешімі (тарих)
01
ноябрь
2022
Бос лауазымға тағайындау конкурсы комиссиясы отырысының шешімі (тарих)
Тарих пәнінен бос орынға орналасуға 2022 жылдың 01 қараша мен 15 қараша аралығында конкурс тағайындалды. 01 қараша күні Конкурс комиссиясының ұйғарымы бойынша Конкурсқа түскен мұғалімнің құжаттарын, жұмыстарын қарап, бос лауазымға Серік Думан қабылданды. 
Бос лауазымға тағайындау конкурсы комиссиясы отырысының шешімі (ағылшын тілі, бастауыш)
31
октябрь
2022
Бос лауазымға тағайындау конкурсы комиссиясы отырысының шешімі
Ағылшын тілінен, бастауыш сынып мұғалімдігіне бос орынға орналасуға 2022 жылдың 28 қазан мен 11 қараша аралығында конкурс тағайындалды. 31 қазан күні Конкурстық комиссияның ұйғарымы бойынша Конкурсқа түскендердің құжаттары,жұмыстары тексеріліп, ағылшын тілі мұғалімдігіне Дәріқұлова Аружан, бастауыш сынып мұғалімдігіне Сутемгенова Арай жұмысқа қабылданды. 
«JETOO» ҰБТ-ға дайындау орталығы кәсіптік бағдар беру бойынша тренинг
14
октябрь
2022
«JETOO» ҰБТ-ға дайындау орталығы кәсіптік бағдар беру бойынша тренинг
    Оқушылардың қызығушылықтарын айқындау, қабілеттері мен мүмкіндіктерін, өмірлік жоспарлары мен перспективаларын ескере отырып, болашақ мамандықтарын дербес әрі саналы таңдауына ықпал ету мақсатында М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның 11-сынып оқушыларына 14-қазан күні «JETOO» ҰБТ-ға дайындау орталығы кәсіптік бағдар беру бойынша тренинг өткізді. Тренингтің спикерлері: 📌 М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның 2016 жылғы түлегі Алихан Байсұлтанов; 📌21 жасында 200 мұғалімді басқарып, 5000
«Мен Отанымды  - сүйемін» кітап көрмесі
14
октябрь
2022
«Мен Отанымды - сүйемін» кітап көрмесі
      М.Мақатаев атындағы №140 гимназия кітапханасында 25 қазан – Республика күніне орай «Мен Отанымды  - сүйемін» кітап көрмесі ұйымдастырылды.      Көрменің мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі қалыптасу тарихымен таныстыру, оқушыларды өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар болуға үйрету.     - Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін,
Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовпен кездесу
07
октябрь
2022
Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовпен
     М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда Қазақстан Республикасының  оқу-ағарту министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтың Алматы қаласы мектептерінің директорларымен кеңесі өтті.  Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов білім беру саласында болатын өзгерістермен таныстырды. Ағылшын тілі мұғалімдерінің қызметіне тоқталып, енді ағылшын тілі мұғалімдері пәнді меңгеру деңгейін анықтайтын тестілеуден өтетінін, сонымен қатар мектепте 10-11 сыныптар күн сайын ағылшын тілін
Бос лауазымға тағайындау конкурсы комиссиясы отырысының шешімі (орыс тілі)
06
октябрь
2022
Бос лауазымға тағайындау конкурсы комиссиясы отырысының шешімі (орыс
Отбасылық жағдайына байланысты орын ауыстырамын деген мұғалімнің өзінің өтінішіне байланысты орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғаліміне 1 бос орынға конкурс жарияланған болатын. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шәкібаева Әселханның кету туралы өтінішін қайтып алуына байланысты бос орынға жарияланған конкурсқа ешкім қабыланбады. 
Кәсіптік бағдар беру
03
октябрь
2022
Кәсіптік бағдар беру
    Кәсіптік бағдар беру мақсатында гимназияның 10-11 - сыныптарына жоғары оқу орындарын таныстыру, мамандық таңдау, халықаралық бағдарламалардың мүмкіндіктері сынды тақырыптар аясында жүргізілген тренинг жұмыстары.
"Білгірлер бәйгесі" тақырыбында жаратылыстану бағыты бойынша сайыс
03
октябрь
2022
"Білгірлер бәйгесі" тақырыбында жаратылыстану бағыты бойынша сайыс
     Қазанның 3-і М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның 5-6-сыныптары арасында "Білгірлер бәйгесі" тақырыбында жаратылыстану бағыты бойынша сайыс болып өтті. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар оқушыларымыз білімдерін ортаға салып, таным-түсініктерін кеңейте түсті. Жарыс нәтижесі қаралып, сараланып, үздік шыққан оқушылар жүлделі орындармен марапатталды.