Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Әрбір бала – бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер» атты ұран бойынша өтілді
24
декабрь
2021
«Әрбір бала – бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер» атты ұран бойынша
     М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда өтілетін дәстүрлі іс-шараның бірі «Әрбір бала – бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер» атты ұран бойынша өтіледі. Биылғы оқу жылының ІІ тоқсанында аудандық, қалалық, республикалық түрлі байқау мен жарыстарға қатысып, жүлделі орынмен марапатталған шәкірттеріміз өте көп. Аталмыш шара 24.12.2021 жылы мәжіліс залында өтілді. Осындай дарында да талапты шәкірттерге және ата-аналарына гимназиямыз ерекше алғысын білдіреді.  «Әрбір бала – бір жұлдыз» атты іс-шарада
«Physical maraрhon» тақырыбында сыныптан тыс  іс-шара  өтті
22
декабрь
2021
«Physical maraрhon» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өтті
    Тәуелсіздіктің  30 жылдығына   аясында  21  желтоқсан  күні  мәжіліс  залында, 7- сыныптар  арасында  физика  пәнінен   «Physical maraрhon» тақырыбында сыныптан тыс  іс-шара  өтті. Аталмыш іс-шара мақсаты: оқушылардың зеректік қабілеттерін дамытып, ой--өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, озық ойлы топты анықтау.      Өтілген әс-шараның түрі: топтық сайыс. Қатысқан  сыныптар гимназиямыздың: 7 «А»,7 «Ә»,7 «Б» ,7 «В», 7 «Г», 7 «Д», 7 «Е» сыныптары. Әр  сыныптан  4  оқушыдан  қатысты.
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ АЛҒЫСЫМЕН марапатталды
18
декабрь
2021
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ АЛҒЫСЫМЕН марапатталды
     Гимназиямыздың жан-жақты да білікті ұстаздарының бірі – Сатымбаева Лайла БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ «Қазақастан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» АЛҒЫСЫМЕН марапатталды. Шәкірт тәрбиелеуде үлкен жетістіктерге жете беруіңізге тілектеспіз. 
Алматы қаласының Ұлттық кітапханасы
18
декабрь
2021
Алматы қаласының Ұлттық кітапханасы
    Алматы қаласының Ұлттық кітапханасында тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай үлкен іс-шара өтілді. Бұл іс-шараға гимназиямыздың 3 «А» сынып оқушысы Болатхан Жанасыл мен 4 «Д» сынып оқушысы Боранова Адель  тәуелсіздік туралы өлең оқып, белсене атсалысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. 
«Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы
15
декабрь
2021
«Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы
      Гимназиямыздың 5-сынып оқушыларын Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау өтілді. Аталмыш іс-шараның мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық,беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу. Бұл қасиеттер әрбір баланың бойында мектеп қабырғасында қалыптасатыны сөзсіз. 5-сыныптарды «Жас ұлан» қатарына қабылдай отырып, олардың міндеттері мен
«Біз Мақатаев мектебінің түлегіміз» атты І форум ұйымдастырылды
13
декабрь
2021
«Біз Мақатаев мектебінің түлегіміз» атты І форум ұйымдастырылды
     М. Мақатаев атындағы мектепті бітірген түлектердің басын қосу, желілік қоғамдастық құру, түлектердің мектеппен шығармашылық байланысын нығайту, бітірген мектебіне, ұстаздарына деген құрметтерін арттыру мақсатында 2021 жылдың 11-і желтоқсанында ауқымды көлемде «Біз Мақатаев мектебінің түлегіміз» атты І форум ұйымдастырылды. Бұл күн – гимназия тарихында қалар ерекше атаулы күндердің бірі әрі бірегейі. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл, гимназиямыз атын арқалаған ақиық ақын М.
"Abai TV" телеарнасы
10
декабрь
2021
"Abai TV" телеарнасы
      Жуырда ғана "Сарасөзде"  өзінің дара жолын арқау еткен Ұстаздардың Ұстазы Сәния Өскенбайқызының ғибрат пен тағлымға толы, әсерлі   сұқбаты көрерменіне жол тартты. Сүбелі сөздің құдіретін танытып, ой өрнегін кестелеп, әрбір көрерменнің жанын тебіренткен кездесуде Сәния Өскенбайқызы ұрпақ тәрбиелеудегі тәжірибесімен бөлісті, көпшіліктің жүрек түкпіріндегі сансыз сұрақтарының астарын зерделеді. Ұлттық тәрбие - ұлт болашағы екенін және ұлтшыл ұрпақ тәрбиелеу- ата- ана мен ұстаздың еншісінде
Қалалық “Үздік ата-аналар жиналысы” байқауының қорытындысы
09
декабрь
2021
Қалалық “Үздік ата-аналар жиналысы” байқауының қорытындысы
    Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдығына орай рухани, әлеуметтік даму жолында және білім беру саласында жас жеткіншектердің тәрбиесі мен кемел келешегіне ықпал етіп, сапалы білім, саналы тәрбие берудегі еңбегі үшін және де “Үздік ата-аналар жиналысын” өткізуге үлкен педагогикалық үлес қосқаны үшін  N140 мектептің мұғалімі Темурбаева Сафура Сәлімбайқызы, Алматы қаласы Білім басқармасының грамотасымен марапатталды. Гимназия абыройын асқақтатып жүрген аяулы ұстазымызды марапатымен шын жүректен
Алматы қаласының мәдениет басқармасы
09
декабрь
2021
Алматы қаласының мәдениет басқармасы
      Алматы қаласының мәдениет басқармасы, ҚР жазушылар одағы, М.Мақатаев халықаралық қоғамдық қорының жауапкершілігімен ұйымдастырылған халықаралық «Кел болашақ» байқауында, «Көркем сөз» номинациясы бойынша өнер көрсеткен М.Мақатаев атындағы 140 гимназияның талапты шәкірттері үздік өнер көрсетіп, марапатталды. Талантты шәкірттеріміздің жетекшісі - Тұяқбаев Бекзат Мұхамедрайымұлы арнайы дипломмен марапатталды.