Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"KIO" Қазақстандық Интернет олимпиада сайты
01
март
2021
"KIO" Қазақстандық Интернет олимпиада сайты
      Қазақстандық Интернет олимпиада сайты ұйымдастырған Физика пәні бойынша мұғалімдерге арналған Республикалық қашықтық олимпиадада, М.Мақатаев атындағы №140 гимназиямыздың жас маманы, алғырлығы, жан-жақтылығымен тәнті етіп жүрген – Шапағат Әлімбек ұстазымыз, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.       «Жақсы ұстазға қандай қасиеттер тілеуге тиіспіз? Өзінің оқытатын пәнін терең білуді,адал да сезімтал жан дүниесі болуын…» - деп, Д.Дидро-ның айтқанына қосыла отырып, ұстазымызды шын жүректен
И.Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасы
01
март
2021
И.Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасы
     Әуезов көшесі, 175 мекенжайында орналасқан И.Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасының ауқымды жөндеу жұмысынан кейін қайта ашылуы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына тұспа-тұс келді. Осыған орай кітапхананың ашылу салтанатына М.Мақатаев атындағы №140 гимназиямыздың Жәлімбетов Манарбек, Оспанов Қайыржан, Тұяқбаев Бекзат бастаған шығармашыл ұстаздары мен оқушылары, ақын жырларынан шашу шашып, әндерін әуелетіп, өз үлестерін қосып қайтты.  «Өзінің шәкірттеріне еңбектен
Алғыс айту күні
27
февраль
2021
Алғыс айту күні
      Гимназияда  “Алғыс-сөздің асылы” атты презентациялар мен бейнероликтер байқауы ұйымдастырылды. Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған байқаудың мақсаты - мектеп ішінде, оқушылар, ұстаздар арасында жағымды орта қалыптастыру. Байқау 5 және 9 сыныптар арасында өткізілді және шарты бойынша оқушылар өз презентациялары мен бейнероликтерін электронды поштаға жолдады. Байқау қорытындысы ZOOM бағдарламасы арқылы өткізілді. Орын алған оқушылар алғыс хатпен марапатталды.
1-наурыз - Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
26
февраль
2021
1-наурыз - Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
1-наурыз - Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай М.Мақатаев атындағы №140 гимназиясының 5,11-сынып арасында "Қауіпсіздік білу - біздің басты міндет" атты тақырыбы аясында Төтенше жағдайдың алдын алу жаттығулары, ашық тәрбие сағаттары, сурет салу, шығарма жазу іс-шаралары өткізілді.
«Лидер.kz» Халықаралық интеллектуалды білім орталығы
26
февраль
2021
«Лидер.kz» Халықаралық интеллектуалды білім орталығы
       «Лидер.kz» Халықаралық интеллектуалды білім орталығының ұйымдастыруымен өткен Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың (1931-1976) 90 жылдығына орай ұйымдастырылған «ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК» атты Республикалық оқушыларға арналған байқауында жеңімпаз атанып, ерекше шығармашылық дарынымен көзге түскені үшін М.Мақатаев атындағы №140 гимназиямыздың оқушысы Ануарбекова Диана Ерікқызы жүлделі  І  дәрежелі дипломмен марапатталды. Жоғарыда аталған сайыста «МӘНЕРЛЕП ОҚУ» номинациясы бойынша Молдағали
Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы
13
февраль
2021
Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы
     Көрнекті ақын, аудармашы Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы ұйымдастырған «Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі» атты кітап көрмесіне оқушылардың белсенді қатысуына ықпал етіп, кітап оқу мәртебесін арттыруға және ақын шығармашылығының насихатталуына қосқан ерекше үлесі үшін М.Мақатаев атындағы №140 гимназиямыздың, кітапхана меңгерушісі Тоқтабулатова Нурбике Қожақметқызы, алғыс хатпен марапатталды. Мектеп ұжымы атынан құттықтай отырып, алғысымызды
«Өзін-өзі тану.Махаббат және шығармашылық педагогикасы »
12
февраль
2021
«Өзін-өзі тану.Махаббат және шығармашылық педагогикасы »
    М.Мақатаев атындағы №140 гимназиясында өзін-өзі тану пәнінің авторы Сара Алпысқызының 80 жылдығына орай «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің  қорытынды кеші онлайн форматта өткізілді. Іс-шараға ZOOM бағдарламасы таңдалды. Өзін-өзі тану апталығында ұйымдастырылған байқауларға, түрлі жарыстар мен челлендждерге белсене қатысқан оқушылар алғыс хатпен марапатталды. Барлық іс-шаралардың өтілгені жөнінде есеп айтылды.         
Инспекторлармен кездесу
12
февраль
2021
Инспекторлармен кездесу
     12.02.2021 күні түске дейін М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның  9-сынып оқушыларына Бостандық ауданы полиция бөлімі АПБ ЖПК бастығы полиция подполковнигі  Т.С.Сарқытқанова, аға инспекторы полиция майоры А.Ж.Кокилова, аға инспекторы полиция капитаны Ш.Ж.Молдабергенова «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмысқа жол бермеу», «Суицид», «Жыныстық бостандыққа және жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы өзге де қылмыстар» тықырыбында  дәрістер оқып, түсіндірме жұмыстарын
“Махаббат - өмір нәрі”
11
февраль
2021
“Махаббат - өмір нәрі”
    Гимназияда 11.02.2021ж “Махаббат - өмір нәрі” атты  жалпы мектепішілік сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты онлайн форматта өтуі үшін ZOOM бағдарламасы таңдалды. Мектепішілік сынып сағатының негізгі мақсаты - адам өміріндегі махаббаттың маңызын түсіндіру, оның түрлерін ажырату. Сонымен қатар, оқушылардың қоршаған ортаға, табиғатқа деген сүйіспеншілігін, отбасына деген махаббатын арттыру.
«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» Республикалық байқау
10
февраль
2021
«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» Республикалық байқау
    ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі. Тәуелсіздік жылдарында талантымен таңдай қақтырған жас өрендердің тұтас легі өсіп келеді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» Республикалық жасөспірімдер мен балалар арасындағы қашықтықтан ұйымдастырылған өнер байқауына «Театрланған қойылым»  бойынша М.Мақатаев атындағы №140 гимназиямыздың «Мұқағали» театры, «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша «Жас толқын» фольклорлық ансамблі қатысты. Жоғары деңгейде өнер көрсеткен