Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Махаббат - өмір нәрі”
11
февраль
2021
“Махаббат - өмір нәрі”
    Гимназияда 11.02.2021ж “Махаббат - өмір нәрі” атты  жалпы мектепішілік сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты онлайн форматта өтуі үшін ZOOM бағдарламасы таңдалды. Мектепішілік сынып сағатының негізгі мақсаты - адам өміріндегі махаббаттың маңызын түсіндіру, оның түрлерін ажырату. Сонымен қатар, оқушылардың қоршаған ортаға, табиғатқа деген сүйіспеншілігін, отбасына деген махаббатын арттыру.
«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» Республикалық байқау
10
февраль
2021
«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» Республикалық байқау
    ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі. Тәуелсіздік жылдарында талантымен таңдай қақтырған жас өрендердің тұтас легі өсіп келеді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» Республикалық жасөспірімдер мен балалар арасындағы қашықтықтан ұйымдастырылған өнер байқауына «Театрланған қойылым»  бойынша М.Мақатаев атындағы №140 гимназиямыздың «Мұқағали» театры, «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша «Жас толқын» фольклорлық ансамблі қатысты. Жоғары деңгейде өнер көрсеткен
С.Алпысқызының 80 жылдығына орай “Өмірге құштарлық” тақырыбы аясында ашық сабақ
08
февраль
2021
С.Алпысқызының 80 жылдығына орай “Өмірге құштарлық” тақырыбы аясында
    М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда С.Алпысқызының 80 жылдығына орай “Өмірге құштарлық” тақырыбы аясында 9 сынып оқушыларына ашық сабақ болып өтті. Сабақ барысында өмірдің мәні туралы әңгіме айтылып, оқушылар “Өмірімнің мәні” тақырыбында өз ойларымен бөлісті. Сабақ барысында бейнероликтер көрсетіліп, психологиялық жаттығулар жасатылды. Бұл оқушылардың өмірге деген құлшынысын арта түсу үшін, келеңсіз жағдайға тап болғанда, тығырықтан жеңіл шығуы үшін , өмір туралы түсіктері жақсы қалыптасу
"Мұқағали - поэзия тұлпары" атты Мұқағали айлығының ашылу салтанаты
08
февраль
2021
"Мұқағали - поэзия тұлпары" атты Мұқағали айлығының ашылу салтанаты
     Қазақ поэзия əлеміне шетсіз-шексіз кеңістік пен көз сүрінер биіктік əкелген, ғұмырлы поэзиясы барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін жан серігіне айналған «Ғасыр ақыны» - Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың биыл 90 жылдығы! Кəусар сезім мен тояттамас көңіл, шалқыған шаттық пен мұңға тұнған махаббат, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағыныш сыйлаған ақынның алып атын арқалап жүрген №140 гимназиямызда, мұзбалақ ақынның рухына арналған «Мұқағали – мәңгілік
«Адамгершілік пен руханияттың мөлдір бұлағы» атты сурет көрмесі
04
февраль
2021
«Адамгершілік пен руханияттың мөлдір бұлағы» атты сурет көрмесі
М. Мақатаев атындағы №140 гимназияда «Махаббат және шығармашылық педагогикасы» онкүндігіне орай, «Адамгершілік пен руханияттың мөлдір бұлағы» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. Өнер – халық тарихының шежіресі. Осы өнер арқылы өмірдің кең тынысы, тіршілік құбылыстары, адамның әр түрлі сезімі бейнеленеді. Балалар өз ойларын сурет арқылы өрнектеп, сиқырлы бояумен көркем сәндеген. «Отбасы – бақыт мекені», «Анаға деген құрмет», «Адамгершілік әлемді құтқарады», «Жәннат ананың табанының астында»
«Бақыттың кілті-өз қолыңда»
21
январь
2021
«Бақыттың кілті-өз қолыңда»
      «Бақыттың кілті-өз қолыңда» тақырыбында ата-аналармен және оқушылармен жиналыс болып өтті, жиналыс барысында шағын пікірталас ұйымдастырды.Жиналыс кезінде «Бақыттың кілті -өмірде», «Бақыттың кілті- ата-анада» деген сынды пікірлер айтылды. Оқушылардың  барлығы , қазір олар үшін «Бақытты балалық шақ» екенін түсініп жақсы ой қалыптастырды.Сонымен қатар, «Нашақорлық заман дерті» тақырыбын негізге ала отырып баяндама оқып, слайд көрсетті. Оқушыларға синтетикалық наркотиктер, шылым шегудің
"Игілік" Республикалық жанұялық басылымы
12
январь
2021
"Игілік" Республикалық жанұялық басылымы
"Игілік" Республикалық жанұялық басылымы ұстасымыз Халида Рахманберді қызына алғыс білдіре отырып, "Ардақты ұстаз" төс белгісімен  марапаттады! Құттықтаймыз!
ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасы
26
декабрь
2020
ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасы
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің құрмет грамотасымен Алматы қаласының Білім басқармасының басшысы Жылқыбаева Ляззат Ауесханқызы қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Дүйсенова Гүлзағира Қазтайқызын марапаттады. Құттықтаймыз!!!
"Kemel Academy" онлайн-мектебі
22
декабрь
2020
"Kemel Academy" онлайн-мектебі
 "Kemel Academy" онлайн-мектебі ұйымдастырған "Қызықты Математика және Логика" атты IV-ші Республикалық онлайн-олимпиадасында шәкірттеріміз жүлделі орындардан көрінгені үшін ұстаздарымыз алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз!!!