Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Жандану” атты 1-7 сынып оқушылар арасында мектепішілік  байқау
28
апрель
2021
“Жандану” атты 1-7 сынып оқушылар арасында мектепішілік байқау
   Қапшаев Қайнар мен Сүлейменов Нұрлыбек ағайларымыздың, Асанова Жанар апайымыздың,сонымен қатар сынып жетекшілердің жетекшілігімен “Жандану” атты 1-7 сынып оқушылар арасында қалдықтардан жасалған қолөнер бұйымдарының байқауы өткізілді. Қолданыстан шығып қалған тұрмыстық заттарға, оқушыларымыз қиялы мен шығармашылығын қосып, ерекше талпыныспен жан бітірді.
Хабар агенттігі "ХХІ ғасыр көшбасшысы" зияткерлік бағдарламасы
28
апрель
2021
Хабар агенттігі "ХХІ ғасыр көшбасшысы" зияткерлік бағдарламасы
   Хабар агенттігінің қолдауымен ұйымдастырылған, оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, қабілетін шыңдайтын  "ХХІ ғасыр көшбасшысы" зияткерлік бағдарламасына қатысып, білімі, алғырлығымен көптің көңілінен шыққан гимназиямыздың сегіз қырлы бір сырлы шәкірті - Бейсенғали Айсер Ерболатұлы. Ойы ұшқыр әрі өте зерек шәкірт тәрбиелеп, ел болашағының жарқын болуына орасан зор үлесін қосып жатқан М.Мақатаев атындағы №140 гимназия ұжымы мен басшысы Тілеубай Сәния Өскенбайқызы, бағдарлама ұйымдастырушыларының
"Атамұра" интеллектуалды білім порталы
28
апрель
2021
"Атамұра" интеллектуалды білім порталы
   Атамұра" интеллектуалды білім порталы 1 сәуір мен 22 сәуір аралығында ұйымдастырған Республикалық "Өнерлі өрен" байқауына қатысқан гимназиямыздың шәкірті - Құрманбай Тайыр, жүлделі І орын иеленді. Республикалық қашықтықтан өтетін байқауға балалардың шығармашылық жұмыстарын ұйымдастырып, белсенділік танытқаны үшін ардақты ұстазымыз Сатымбаева Ләйлә, Атамұра білім порталының арнайы Алғыс Хатымен марапатталды.
Алматы қаласы Білім басқармасының "Құрмет грамотасы"
28
апрель
2021
Алматы қаласы Білім басқармасының "Құрмет грамотасы"
   Пандемияға байланысты қашықтан оқыту кезінде оқушыларға республика деңгейінде телесабақтар өткізуге үлес қосып, белсене атсалысқаны және шығармашылық ізденісі үшін М.Мақатаев атындағы №140 гимназиямыздың аяулы ұстаздары: Шыных Жаналған мен Сатымбаева Лайла Умурзаковна Алматы қаласы Білім басқармасының "Құрмет грамотасымен" марапатталды.
Табиғат – адамзаттың анасы.
27
апрель
2021
Табиғат – адамзаттың анасы.
   Табиғат – адамзаттың анасы. Дүниеге есігін ашқан сәбиге бар ризығы мен несібесін тосатын ана сынды табиғат та буыны қатаймаған адам баласына бар болмысын беріп, береке сыйлайды. Ырысымен бөліседі. М.Мақатаев атындағы 140 гимназияда, 27.04.2021ж. күні “Біз болашаққа жауаптымыз” экологиялық білім беру апталығының аясында, 1-10 сынып арасында “Табиғатпен үйлесімділікте” атты сурет көрмесі өткізілді. Гимназиямыздың талантты оқушыларының жұмыстарымен таныс болыңыздар.
«Ағаш жапырағымен, жер топырағымен көрікті»
27
апрель
2021
«Ағаш жапырағымен, жер топырағымен көрікті»
   «Ағаш жапырағымен, жер топырағымен көрікті» дейді халқымыз. Табиғат көркейіп, желегі жасыл тартса, адамның да тынысы кеңейіп, көңілі көтерілері анық. Адамның тағдыры табиғатқа байланған. Табиғат болмаса, адам өмір сүре алмақ емес. Таза ауасы мен шипалы суы, ну орманы мен асқар тауы жоқ мекеннің қадірі де аз. Осы орайда, қошаған орта, табиғат пкн экологияның маңызын саралап, ұғындыру мақсатында гимназиямызда “Біз болашаққа жауаптымыз” тақырыбында 1-11 сынып аралығында тәрбие сағаттары өтілді.
“Чернобль қасіреті”
26
апрель
2021
“Чернобль қасіреті”
   Адамзатқа орны толмас қасірет әкелген Чернобыль оқиғасына биыл 35 жыл толды. 1986 жылдың сәуір айындағы, Чернобыль апаты әлемді дүр сілкіндірген болатын. Бұл оқиға қаншама адамның тәнінде ғана емес, жүрегінде де жара қалдырғаны сөзсіз еді. Талайдың тағдырын шайқаған “Чернобыль апатын” залалсыздандыруға қатысқан ардагерлеріміздің ерлігін өскелең ұрпаққа ұлықтау, насихаттау, қасіретке айналған алапат жарыстың салдары, тигізген зияны мен зардаптарын түсіндіру мақсатында М.Мақатаев атындағы 140
«Біз болашаққа жауаптымыз»
26
апрель
2021
«Біз болашаққа жауаптымыз»
   «Біз болашаққа жауаптымыз» экологиялық білім беру апталығының аясында 26.04.2021ж. күні «Табиғат туралы не білеміз?» атты кітаптардың виртуалды көрмесі өтті. Гимназиямыздың кітапхана меңгерушісі – Тохтабулатова Нұрбике Қожахметқызы, мерзімді басылымдар мен табиғат аясы тақырыбындағы кітаптардан оқушыларды хабардар етіп, мағұлмат берді.
"Ұстаз жолы" ғылыми-әдістемелік орталығы
25
апрель
2021
"Ұстаз жолы" ғылыми-әдістемелік орталығы
   "Ұстаз жолы" ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған "Ғарыш әлемі" атты І Республикалық онлайн байқауында "Қол өнері" номинациясы бойынша жүлделі І дәрежелі диплом иегері атанған, гимназиямыздың сегіз қырлы бір сырлы шәкірті - Калимулла Бейбарыс Ердосұлын марапатымен құттықтай отырып, байқауға белсене қатысып, жоғары нәтиже көрсетуіне  атсалысқан ұстазы - Темирова Нурсулу Амангельдиновнаға алғысымызды білдіреміз.