Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
1 мамыр - бірлік күні
28
апрель
2023
1 мамыр - бірлік күні
1 мамыр - бірлік күніне орай мектебімізде "Бейбітшілік - ел тірегі" тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өтілді. Мерекенің маңыздылығы, оның мағынасы туралы түсіндірілді. Бірлік - алтын ұя мектептен, отбасынан басталады. Бір шаңырақтың астында тату-тәтті, бірлігіміз жарасқан ел болып қалай берейік. Мереке құтты болсын!
Нашақорлыққа жол жоқ!
28
апрель
2023
Нашақорлыққа жол жоқ!
Бүгін мектебімізде прокурор Жұман Мағжан Манапұлы мен нарколог Жүзбаева Айтолқын Абдуақитовнамен кездесу өтті. Кездесуге 9,10,11 сынып оқушылары қатысты. Нашақорлық, синтетикалық заттарға тәуелділік жайлы мағлуматтар берілді. Нашақорлықтың адам өміріне келтірер зауалы мен дені сау өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі зияны жайлы кеңірек баяндалды.
Эстафеталық ойын
27
апрель
2023
Эстафеталық ойын
1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлік күніне орай мектебімізде 5-сыныптар арасында эстафеталық сайыс өтті. 5 "Е" сыныбы I орын, 5 "Г" сыныбы II орын, 5 "А" сыныбы III орын иеленді. "ШАПШАҢ КОМАНДА" номинациясымен 5 "В" сыныбы, "ҰЙЫМШЫЛ КОМАНДА" номинациясымен 5 "Д" сыныбы, "ЖІГЕРЛІ КОМАНДА" номинациясымен 5 "Б" сыныбы және "АЛҒЫР КОМАНДА" номинациясымен 5 "Ж" сынып оқушылары марапатталды.
Жалпықалалық сейсможаттығу
21
апрель
2023
Жалпықалалық сейсможаттығу
М.Мақатаев атындағы №140 гимназия оқушылары мен ұстаздары 20 сәуір жалпықалалық сейсможаттығуға қатысты. Оқушылар арасынан 10-сыныптардан құрылған «Жас құтқарушылар» ұйымы алғашқы көмек жайлы айтып, практика жүзінде көрсетті. Медбикелер мен АӘДТ пәні мұғалімі Ержан Сәрсенқожаұлы ақпараттармен таныстырып, төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттер жайлы айтты.
Темекі тәнді зақымдайды, ақыл-ойды кемітеді
18
апрель
2023
Темекі тәнді зақымдайды, ақыл-ойды кемітеді
"Темекі тәнді зақымдайды, ақыл-ойды кемітеді" тақырыбында сынып сағаты өтті. Таемекінің адам денсаулығына зияны, кері әсері жайлы айтылды. Оқушылар өз ойларын оратға салып, тақырыпты жан-жақты талқылады.
CAMERATA KAZAKHSTAN
10
апрель
2023
CAMERATA KAZAKHSTAN
Мектебіміздің талапты талантты, өнерлі, білімге құштар шәкірттері Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филормониясында Қазақстанның Халық артисі Гауһар Құрманбекқызы Мырзабекованың жетекшілігімен "CAMERATA KAZAKHSTAN" камералық oркecтpі мен А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚММИ оқушыларының концертін тамашалап қайтты. 
Оқушылар арасындағы буллингтің алдын алу
29
март
2023
Оқушылар арасындағы буллингтің алдын алу
6- 8 сынып ата –аналарына «Оқушылардың арасындағы буллингтің алдын алу» тақырыбында  ата –аналар жиналысында баяндама оқылып, тренингтік жаттығулар жүргізілді.  Жиналыс барысында  қысым көрген балаға ата –ана  тарапынан қандай көмек көрсетуге болатындығы , буллинг болған кездегі ата –ананың алгоритмі түсіндірілді.  Ата-аналармен кері байланыс ретінде « Мен саған сенемін» тренингтік жаттығуы орындалды. Жиналыста интернеттегі, әлеуметтік желілердегі киберқауіпсіздік жайлы айтылып, балаларды
Наурыз-думан
22
март
2023
Наурыз-думан
22-наурыз қала бойынша Наурыз-думан тойы тойланды. Шәкірттеріміз, ұстаздарымыз Наурыз тойын тойлауда қалыс қалмады. Оқушыларымыз ұлттық ойындардан топ жарып, жүлделі орындарға ие болса, ұстаздарымыз сахна төрінен табылып, өнер көрсетті.
Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!
17
март
2023
Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!
Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған "Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!" атты іс-шара өткізілді. 17 наурыз күні мектебімізде таңғы сағат 7:30-дан бастап ыстық көже, бауырсақ, ұлттық тағамдардан дастархан жайылып, әсем ән, күмбірлі күй орындалды. Әдемі күн мерекелік концертпен аяқталып, оқушыларымыз, ұстаздарымыз 3-тоқсанды көңілді аяқтады.
Көктемді қондырып қанатына
14
март
2023
Көктемді қондырып қанатына
“Көктемді қондырып қанатына…” атты мерекелік кештен көріністер. Бүгін 9 “Ж” сынып оқушылары сынып жетекшісі Сәуле Амангелдіқызымен көрісу күніне, Наурыз мерекесіне орай керемет кеш өткізді. Ата-аналарымыз, ұстаздарымыз, оқушыларымыз наурыз көжеден дәм татып, әдемі кештің куәсі болды. Рақмет💐❤️