Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
декабрь
2022

Жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу

Алматы қаласы 9-10 баллдық сейсмикалық аймақта орналасқан. 02.12.2022ж. күні сағат 11:00-де М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу аясында жиын өтті. Оқу-жаттығу барысында дабыл қағылған сәтте ғимарат ішіндегі оқушылар қауіпсіз аймаққа шығарылып, төтенше жағдай орын алғанда көрсетілетін алғашқы көмек түрлері таныстырылды. Оқу-жаттығу аясында түсіндірме негізінде бір оқушыға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Ғимарат алдында жиналған оқушылар аты-жөнімен тіркеліп, эвакуацияланып, қоғамдық көлікпен тиісті қауіпсіз аймаққа жөнелтілді. Төтенше жағдайлар кезінде жасалынатын іс-әрекеттер, көмек көрсету бойынша атқарылатын шаралар іс жүзінде пысықталды. Сонымен қатар, жер сілкінісі кезінде халықтың іс-әрекеті бойынша жадынамалар таратыла отырып, ТЖ жағдайына дабыл дорбасын жасақтау бойынша оқыту тренингтері өткізілді. Қауіпсіз орындар электр желілері мен ғимараттардан алыс, ашық жерлерде екені көрсетіле отырып, түсіндірілді.  

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: