Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Ақселеу Сейдімбек – 80 жыл» атты дөңгелек үстел
03
декабрь
2021
«Ақселеу Сейдімбек – 80 жыл» атты дөңгелек үстел
    Саналы ғұмырын сахарасын зерттеуге арнап, ұлтының жоғын түгендеген Ақселеу Сейдімбектің биыл – 80 жылдығы.  Ұлылықтың үлгісіндей болған Ақселеу Сейдімбек – халқымыздың өр рухының, өнегелі салтының, өрелі қалпының аса көрнекті өкілі еді. Туған халқын, оның төл тарихын, салт-дәстүрін, тілі мен ділін жан-тәнімен сүйіп, бойындағы тәңірі берген бар қабілет-дарыны мен қайрат-жігерін ұлт игілігіне арнаған үлкен парасат иесі бола білді. Осы орайда гимназиямыздың 10 «Г» сыныбы «Ақселеу Сейдімбек –
«Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 тарту!» атты шығармашылық байқау
02
декабрь
2021
«Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 тарту!» атты шығармашылық байқау
   Қазақстан телерадиокорпорациясы, Балапан телеарнасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 тарту!» атты шығармашылық байқаулар топтамасында жеңімпаз атанған М.Мақатаев атындағы №140 гимназия шәкірті – Мавлен Ханшайымды марапатымен қүттықтаймыз. Алар асуың мен бағындырар белесің таусылмасын!
«Елін сүйген, елі сүйген елбасы» тақырыбында сынып сағаттары
02
декабрь
2021
«Елін сүйген, елі сүйген елбасы» тақырыбында сынып сағаттары
    1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш президент күні. Қазақ халқы үшін еліміздің тұңғыш президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны бөлек. Бұл мерекенің 1 желтоқсан болып таңдалу себебі де ерекше, өткен күндерді еске алатын болсақ, 1991 жылдың 1 желтоқсан күні бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде қазақ елінің тұңғыш президенті сайланып, ұлт тарихында жаңа өзгерістер бастау алды. Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен елімізде түрлі іс-шаралар, саяси, экономикалық, әлеуметтік реформалар
«Вальс Осени» атты би конкурсы
30
ноябрь
2021
«Вальс Осени» атты би конкурсы
    Қазақстан Республикасының спорт және мәдениет министрлігі, ҚР спорттық би ассоциациясының ұйымдастыруымен Алматы қаласының спорттық би Федерациясы өткізген, «MAGIC DANCE» спорттық-би клубының «Вальс Осени» атты би конкурсында гимназияның 3 «Е» сынып оқушысы – Назымбек Алуа жүлделі ІІ орынмен марапатталды.   
"Жаса Отаным" атты гимнастикадан ашық чемпионат
30
ноябрь
2021
"Жаса Отаным" атты гимнастикадан ашық чемпионат
     "Жаса Отаным" атты ашық чемпионатта көркем гимнастикадан  гимназиямыздың 4 «Ә» сынып оқушысы  Құрманғали Әмина  жүлделі І орынға ие болды. Талантты да еңбекқор шәкіртімізді шын жүректен құттықтаймыз. Алдағы уақытта көптеген асуларды бағындыруына тілекшіміз. 
Стритболдан 20-21 қарашада Республикалық турнир
30
ноябрь
2021
Стритболдан 20-21 қарашада Республикалық турнир
    Нұр-Сұлтан каласында 13-16 жастағы балалардың арасында стритболдан 20-21 қарашада Республикалық жарыс өтті. Шәкіртіміз Амангельдиев Шыңғыстың командасы  жүлделі І орынмен марапатталды. Салауатты өмір салтын ұстанған жас спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз. Спорт әлемінде тек қана сәттілік тілейміз. 
Алматы қаласы бойынша каратэден турнир
30
ноябрь
2021
Алматы қаласы бойынша каратэден турнир
    Әрбір жаңа күн – гимназия шәкірттері үшін жаңа белес бағындыруға берілген мүмкіндік. Бұлай дейтін себебіміз, гимназия шәкірттері спорт әлемінде тағы да биік белестерден көріне білді. Жеңіске жету жолында тынбай, аянбай еңбек етіп, талпынған шәкірттеріміз – біздің мақтаныштарымыз. М. Мақатаев атындағы №140 гимназия шәкірттері Қабланбай Арсен мен Қабланбай Заңғар Алматы қаласы бойынша каратэден жүлделі ІІ орын алды. Шымыр да шыныққан шәкірттерімізді шын жүректен құттықтаймыз. 
"Үш бақытым" атты мектепішілік байқау
29
ноябрь
2021
"Үш бақытым" атты мектепішілік байқау
     Қарашаның 27-і, ақиық ақын М. Мақатаевтың – 90 жылдық мерейтойы мен тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 6 "Б" сынып оқушыларының арасында "Үш бақытым" атты байқау өткізілді. Байқау үш кезеңнен тұрды: 1. Ұяшықтарға жауап беру; 2. Ақынның кез-келген 3 өлеңін мәнерлеп оқу; 3. Мектеп, ұстаз, отан жайында   мақал-мәтел айту. Байқау  өте тартысты өтті. Балалардың жеңіске деген құлшыныстары әділ-қазылар алқасын тәнті етті.  Байқау нәтижесі бойынша жүлделі 3-орынды – Нұрмұханбет Айару, Бидахмет