Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Көктем аруы» сайысы
05
март
2022
«Көктем аруы» сайысы
      Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында өткен «Көктем аруы» сайысынан көрініс.
,10-сынып ұлдары арасында ақиық ақын М.Мақатаевтың туғанына 91 жыл толуына орай баскетболдан жарыс ұйымдастырылды
04
март
2022
,10-сынып ұлдары арасында ақиық ақын М.Мақатаевтың туғанына 91 жыл
     М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның 9,10-сынып ұлдары арасында ақиық ақын М.Мақатаевтың туғанына 91 жыл толуына орай баскетболдан жарыс ұйымдастырылды. 45 оқушы топ-топ болып бақ сынаған жарыста І орынды 10 «А», ІІ орынды 10 «Б», ІІІ орынды 9 «Е» сыныптары иеленді. Шапшаңдығы мен шымырлығы үйлескен ұлдардың  алдағы уақытта тек биік белестерді бағындыруына тілектеспіз. Шымыр әрі шыншыл болған жастарымыздың алар асулары мол болғай!
«Тарих» пәні мұғалімдерінің сьезі
03
март
2022
«Тарих» пәні мұғалімдерінің сьезі
        М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның тарих пен құқық пәні мұғалімі Сағынғалиев Даурен Наурызбайұлы, 3 наурыз күні Петропавл қаласында өткен «Тарих» пәні мұғалімдерінің сьезіне қатысты. Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлынан кейін «Мектепте тарихты оқытудағы өзекті мәселелер: шешу жолдары мен ұсыныстар» тақырыбында сөз алған Даурен Наурызбайұлы, өз баяндамасында педагогтердің біліктілігін арттыру курстарында тәжірибелі заңгерлердің кеңесіне негізделген семинарлар өткізуге басымдық
«Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңі
01
март
2022
«Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңі
    Алматы қаласы «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен 5-сынып оқушылары арасында математика пәнінен «Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті. ІІІ дәрежелі дипломмен Сембекова Айнұр, Назар Мариям марапатталды. Қыздарымызға қайсарлық пен батылдық тілейміз. Биік шыңдарды бағындыра беріңіздер!
Роза Бағланованың 100 жылдық мерей тойына орай өткен қалалық ән байқауы
01
март
2022
Роза Бағланованың 100 жылдық мерей тойына орай өткен қалалық ән
    Алматы қаласы Білім басқармасы «Оқушылар сарайы» орталығының ұйымдастыруымен «Өнердің шоқ жұлдызы» атты күміс көмей әнші, Халық Қаһарманы, Тарлан сыйлығының иегері Роза Бағланованың 100 жылдық мерей тойына орай өткен қалалық ән байқауында гимназиямыздың оқушысы Елубай Айасыл І орын иеленді. Талантты шәкіртімізге қазақ әндерін әлем сахнасында шырқауды бұйыртып, еліміздің көк байрағын желбіретер әнші болуына тілектеспіз.
ТЖ бойынша жаттығу
01
март
2022
ТЖ бойынша жаттығу
     Бүкіл әлемде аталып өтетін дәстүрлі мереке азаматтық қорғаныс күніне орай, М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда  оқушылар арасында тактикалық арнайы оқу, объектілі және сейсмикалық жаттығулар өткізілді. Азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауға мән берілген шарада төтенше жағдайлардың туындау сатысының жалпы түсінігімен және олардың түрлерімен таныстырды. Нәтижесінде азаматтық қорғаныстың жай-күйі талқыланып, қатысушылар теориялық білім мен өзін-өзі қорғаудың практикалық дағдыларын
«Алғыс – сөздің асылы» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті
01
март
2022
«Алғыс – сөздің асылы» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті
       1 наурыз алғыс айту күніне орай 1-11-сыныптар арасында  «Алғыс – сөздің асылы» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Алғыс айту, ризашылық білдіру ұғымдарының мәні мен маңызының тікелей адамға немесе айнала қоршаған ортаға тигізетін әсерін ұғындыру, басқа адамдармен түсінісуге дағдыландыру мақсатында өткен іс-шараның баларға берер тағылымы мол. Кеңпейілділікке, адамгершілікке, өзара түсіністікке, тыңдай білуге тәрбиелеу. Жақсы сөз айту, жақсылық жасау – адам мерейін өсіретін, көңіл күйін