Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
55-қалалық фестиваль байқауы
06
апрель
2022
55-қалалық фестиваль байқауы
   Алматы қаласының балалар музыкалық мектептері мен өнер мектебі оқушыларының жас музыканттарының 55-қалалық фестиваль байқауында  ІІ дәрежелі дипломмен Бекмурза Нұрай марапатталды. Әсем әуеніңмен әуелетіп, қоңыр үніңмен күмбірлеп қазақ әндерін әлемде шырқар шығармашылық шабыт тілейміз.
«ЖЫЛ ТАЛАНТЫ» атты  халықаралық  шығармашылық шеберлік байқауы
05
апрель
2022
«ЖЫЛ ТАЛАНТЫ» атты халықаралық шығармашылық шеберлік байқауы
    2022 жыл «Балалар жылы» аталуына орай жасөспірімдердің өнерге деген ынтасын арттыру мақсатында ұйымдастырылған «ЖЫЛ ТАЛАНТЫ» атты  халықаралық  шығармашылық шеберлік байқауында мектебіміздің «Еркем-ай» би ансамблі және биші қызымыз Тоқтар Медина ГРАН-ПРИ жеңіл алды. Көркемдік жетекшісі: Мадыханова Аида Төреханқызы. Қазақ қызының сұлулығы мен нәзіктігін сахна төрінде  көрсететін қыздарымыздың мың бұрала билегендегі әрбір қимылы қарағанға көз тойдырады. Қара көзді қызғалдақтарымыздың
Республикалық қашықтықтан өткізілетін олимпиадалар орталығы
02
апрель
2022
Республикалық қашықтықтан өткізілетін олимпиадалар орталығы
     Республикалық қашықтықтан өткізілетін олимпиадалар орталығы республикалық олимпиада нәтижесінде І орынды Маханбет Ердәулет жеңіп алды. Жетекшісі Сарварова Халида Рахманбердіқызына республикалық олимпиада жеңімпаздарын және қатысушыларын дайындағаны үшін алғыс білдіреді. Алдағы уақытта биіктерді бағындырып, білім бәсекесінде топ жаруларыңызға тілектеспіз!
Халықаралық «Пони – ұлы Тілтану елінде» онлайн байқау
02
апрель
2022
Халықаралық «Пони – ұлы Тілтану елінде» онлайн байқау
    Халықаралық «Пони – ұлы Тілтану елінде» онлайн байқау бойынша жүлделі І орынды Спандияр Ақылжан жеңіп алды. Ақылжанға оқуда озат, өмірде жеңімпаз бол дегіміз келеді.
ҚР Білім және ғылым министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы
02
апрель
2022
ҚР Білім және ғылым министрлігі Республикалық қосымша білім беру
     Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы гимназиямыздың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жарылқапов Бақтияр Үсенұлын мұғалімдер күнімен құттықтап, алғыс хат жариялап, өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі еңбегі, жасампаздығы, күш-қуаты, шығармашылық көзқарасы үшін алғыс білдірді. Ағайымызға шығармашылық табыс тілейміз!
Аудандық «М.Мақатаев оқулары» байқауы
01
апрель
2022
Аудандық «М.Мақатаев оқулары» байқауы
     Ақиық ақын Мұқағалидың шығармашылығына арналған 7-11 сынып оқушылары арасында өткен аудандық «М.Мақатаев оқулары» байқауының «Айтып өткен ақында арман бар ма?» кезеңінде 8-сынып оқушылары  Қадыржан Алинұр ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталса, Аубакир Абзал бас жүлдеге ие болды. Жетекшісі: Әбдіманап Нұрила Қанатқызы.   Ақынның отыздан астам өлеңдерін жатқа білетін шәкірттеріміздің шығармашылығы шыңдала берсін. Алар асуларыңыз таусылмасын дегіміз келеді. Ақиық ақын Мұқағалидың шығармашылығына
CINEMA FESTIVAL – 2022
01
апрель
2022
CINEMA FESTIVAL – 2022
     Алматы қаласы білім басқармасының  ұйымдастыруымен өткен  CINEMA FESTIVAL – 2022 «Қазақстан балалары шексіз әлемде» VI қалалық кинофестиваліне белсене қатысқаны үшін Маханов Дидар марапатталды. Алар асуыңыз, бағындырар биігіңіз таусылмасын, Дидар!
«Жырлайды жүрек» атты жыр мүшәйрасы
01
апрель
2022
«Жырлайды жүрек» атты жыр мүшәйрасы
     «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында, Алматы қаласының орта білім беру ұйымдарының қатысуымен М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты жыр мүшәйрасы өтті. Мектебіміздің атынан Бәзілжанов Біржан ағайымыз қатысып, алғыс хатпен марапатталды. Сәттілік серігіңіз болсын, ағай!